Нүкте.kz - Информация о сайте
 



Главная
 
Нүкте.kz
 
Сайт мәзірі
Друзья сайта

Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909



 

Атым Нұрдаулет 1984 жылдың 30 мамырында ата-анама айтпай дүниеге келдім.

 Шоқ жұлдызым – Т Ы Ш Қ А Н.


Сүйікті ісім – көзімді қылиландыру.


Бұрынғы өмірімде әйел болғанмын, сондықтан да әйел адамның ойлау қабілетін керемет біліп қоямын. Өлімнен кейін өмірдің болатынына, секстен кейін махаббаттың болатынына сенемін.


 Ерекше белгілерім - шашымды бір жағына қайырып,тарап,айнаға қарап жатқаным шамалы, қолмен фук-фук еткізем де кете берем, орта бойлы, ауыр салмақты, мінез ондай салмақты емес (ол да жағдайға байланысты, кейде менен салмақты адам табылмай қалады), түрім қара десе де болады. Сол қолымның шынашағын алақанымның сырт жағына тигізе аламын (осы керемет өнерімді бағалай алатын адам табылмай жүргені өкінішті.Бірақ кейбір қыздар ой мамочки. шын ба? көрсетші деп жатады.).

Мектепте оқу озаты болдым. Аттестатым түгел бес, бірақ қызыл емес (елде жоқ аттестат) :))


Қызығушылықтар туралы.


Кино. Бәрін қарай берем. Тек ана “Американский пирог” сияқты “жастарға арналған” комедияларға, сосын мына “Хеллбой” сияқты топас фильмдерге жыным келеді. Соңғы көргендерден есімде қалған жақсы кинолар - “Мулен Руж”, “Список Шиндлера”, “Суини Тодд”, “В погоне за счастьем”. Бұл тізім үлкен.


Музыка. Дәл сондай. 50сент және т.б. сияқты рэперлерден басқа бәрін тыңдауым мүмкін. Тек қана ауыр рок тыңдайды деп ойлап қалмаңыздар, Селин Дионды тыңдап кайп болып отыруым мүмкін арасында.


 Кітап. Мыжың философиялық романдарға жыным келеді. Оқыған барлық шығармалары ұнаған жазушылар ретінде Александр Беляев пен Герберт Уэллсті айтар едім. Сосын Агата Кристи мен Джеймс Чейз, Ғабит Мүсрепов пен Дулат Исабеков.


Киім жайлы айтатын болсам Тек қана қымбыт қымбат продуктовый магазиндерден киінемін


Тамақ. Тамақ пісіре аламын. Тек қана макароннан 35, роллтоннан 8, қатқан наннан 13 түрлі тамақ пісіре алам (рахмет саған, Жатақхана!). Жеуді де қатырамын.Сүйікті тамағым МЕЗИМ


Тәк. Шегетін заттар ұнамайды, ішетіннің көбін татып көрдім, ұнайды.


Ок, әзірге осы. Жаңа бірдеме қосқым келсе, жаңартып жазармын.



Тіркелу панелі
Күнпарақ
«  Декабрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Іздеу
Друзья сайта
Статистика


Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz