БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Өнер-білім - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Өнер-білім
[ ] 07.12.2008, 11:43
  • Таза өнердің иесі жомарт келеді.

  • Сайф Сараи
  • "Жақсы" деген немене?
    Әуелі, момын жақсы.
    Бүтін болса - ел жақсы,
    Сулы болса - көл жақсы,
    Нұрлы болса - жер жақсы,
    Жұртын қадірлеген - ер жақсы,
    Мінезді болса - жар жақсы,
    Еңбекпен тапқан - мал жақсы,
    Құстан - қаз жақсы,
    Жылда - жаз жақсы,
    Жасқа - қыз жақсы,
    Асқа - тұз жақсы,
    Қойға - серке жақсы,
    Жаман әйелден - көрпе жақсы,
    Жүйрік болса - тай жақсы,
    Жылқыға - сай жақсы,
    Адасқанда - ай жақсы.

  • Досбол атамыздың термесі
  • Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
    Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
    Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
    Білімің мен ақылың екі жақтап!!

  • Абай

  • Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

  • Ы.Алтынсарин
  • Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

  • В.А.Сухомлинский
  • Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.


  • К.Д.Ушинский
  • Ұстаз – ұлы есім.




  • М.Әуезов
  • Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.


  • Ж.Ж.Руссо
  • Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.


  • Мағжан Жұмабаев

  • Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

  • Ахмет Байтұрсынов
  • Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

  • Л.Н.Толстой

  • Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
    Ыбырай Жақаев

  • Ыбырай Жақаев
  • Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
    К.Д.Ушинский

  • К.Д.Ушинский
  • Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
    Спандияр Көбеев

  • Спандияр Көбеев
  • Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін

  • Серке Қожамқұлов
  • Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

  • Жүсіп Баласағұни
  • Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

  • Мәлік Ғабдуллин
  • Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

  • Ғабит Мүсірепов
  • Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

  • Абай Құнанбаев
  • Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

  • Ыбырай Алтынсарин
  • Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

  • Әл-Фараби
  • ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ІСТЕЛІП ЖАТҚАННЫҢ БӘРІ САЙЫП КЕЛГЕНДЕ БАЛА ҮШІН ЕМЕС, МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЕКЕНІН ӘРБІР МҰҒАЛІМ ҰМЫТПАУҒА ТИІСТІ.

  • М.Аринори.
  • Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Керең заман мылқау өлең туғызады.


  • Қадыр Мырза Әлі
  • Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

  • Сағат Әшімбаев
  • Адамшылықтың алды-махаббат,ғаделет сезім.

  • АБАЙ
  • Жақсы басталған іс-жартысы біткен іс.

  • Платон
  • Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.

  • Расул Ғамзатов
  • Қазақтар сондай сүйкімді,сондай байырғы,әрі қарапайым,мен оларды көргендене болғанымды білмей кетемін.

  • Т.Г.ШЕВЧЕНКО
  • Таза өнердің иесі жомарт келеді.

  • Сайф Сараи
  • ...Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

  • Мұхтар Әуезов
  • Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
    Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
    Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
    Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

  • Төле би
  • Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

  • Мұхтар Әуезов
  • Ішімдегім - түрімде, түрімдегім - тілімде.
    ***
    Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше, жаманның ашуы жерге басы жеткенше.
    ***
    Жібекті түте алмаған жүн ұылады, қатынды күте алмаған күң қылады.

  • Халық
  • "Жақсы" деген немене?
    Әуелі, момын жақсы.
    Бүтін болса - ел жақсы,
    Сулы болса - көл жақсы,
    Нұрлы болса - жер жақсы,
    Жұртын қадірлеген - ер жақсы,
    Мінезді болса - жар жақсы,
    Еңбекпен тапқан - мал жақсы,
    Құстан - қаз жақсы,
    Жылда - жаз жақсы,
    Жасқа - қыз жақсы,
    Асқа - тұз жақсы,
    Қойға - серке жақсы,
    Жаман әйелден - көрпе жақсы,
    Жүйрік болса - тай жақсы,
    Жылқыға - сай жақсы,
    Адасқанда - ай жақсы.

  • Досбол атамыздың термесі
  • Күз сыры

    Шұбар аспан, нәзік нұр жалтылдайды,
    Қатырмайды, жылыға батырмайды.
    Бұтақтарды тербеткен салқын самал,
    Сары шашын ағаштың тақырлайды.

    Күміс өзен сарғайып сарқылдайды,
    Қара қаздар көшетін қарқылдайды.
    Арнасына көнбеген суық толқын,
    Шетіндегі тасқа кеп жалпылдайды.

    Жалпылдайды, жігер от лапылдайды,
    Көкжиектен алтын ай жақындайды.
    Шабытыма бекерден мұң кигізіп,
    Күздің түні сағыныш шақырмайды.

    Сағынышты сарын жел сапырмайды
    Біздің сайран салған таң атылмайды.
    Ескек тартқан кешегі көл бетінде,
    Нұрға бояп, дірілдеп жатыр қайғы.

  • Қайсар Ертай
  • Ақшана мен ұй сатып алұға болады,
    Бырақта Жанұя << семья>> сатып ала алмайсын.
    Ақшана Сағат сатып алұға болады,
    Бырақта Уақыт сатып ала алмайсын.
    Ақшана төсек сатып алұға болады,
    Бырақта ұйқы сатып ала алмайсын.
    Ақшана кітап сатып алұға болады.
    Бырақта білім сатып ала алмайсын.
    Ақшана дерігер сатып алуға болды,
    Бырақта ден саулық сатып ала алмайсын.
    Ақшана тақ сатып алуға болады,
    Бырақта атақ абырой,сыйластық сатып ала алмайсын.
    Ақшана қан сатып алұға болады,
    Бырақта өмір сатып ала алмайсын.

  • Бекінтай
  • «Әр қазақ - әр қазақтың жалғызы, асылы»

    Сабыржан Махмет

  • syrlybek
  • Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады.

  • Халық
  • Алыстан алаш десе аттанамын,
    Қазақты қазақ десе мақтанамын,
    Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
    Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

  • Міржақып Дулатұлы
  • Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...

  • Әбу Насыр әл-Фараби
  • Бала өсіргің келсе дана жүректі
    Қатты ұста үйрет білім ізетті

  • Жүсіп Баласағұн
  • Қазақстан-жалғыз ұлы қазақтың!
    Әр қазақ менің жалғызым!

  • Сабыр Адай
  • Қазақ бір-бірін көргенде, Аллалап бауырына басып, құшақтап көріссін.

  • Светқали Нұржанов
  • Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.

  • Жалау Мыңбаев
  • Надан молда намазқой.

  • Халық даналығы
  • Қорыққан молда мешіттен ұзамсайды.

  • Халық даналығы
  • Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

  • Халық даналығы
  • Пірге қол бермеген, шайтанға жол береді.

  • Халық даналығы
  • Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.

  • Халық даналығы
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 55448 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 4.2/19 |
Всего комментариев: 6
11.10.2013 Спам
6. Дана
magan iwinde san esimderi bar nakil soz taup berinderwi kin bolmasa osi logenge jaznwi ili vkga Дана Изтурганова

19.03.2012 Спам
5. улмекен
маған ақыл туралы керек еді

26.01.2012 Спам
4. nursat
Жүсіп Баласағұнның тағы қандай нақыл сөздері бар?

12.10.2011 Спам
3. Айдана
Жүсіп Баласағұнның тағы қандай нақыл сөздері бар?

27.08.2010 Спам
2. Мейрам
к6нгц6гшц57шщ6щдндроббаенык5г 6геномапрывекй

27.08.2010 Спам
1. Мейрам
олдпегокцукнеолпр проалдншдн аролеглглеглнг

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz