БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Ана тілі - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Ана тілі
[ ] 07.12.2008, 11:47
  • ҚЫРЫҚ БІРГЕ ЖҰҒЫСПАУ.
    1.Ордалы жыланға жұғыспау
    2.Жалғыз ағашқа жұғыспау
    3.Суық торғайға жұғыспау
    4.Елсіздегі жалғызға жұғыспау
    5.Құрылған торға жұғыспау
    6. Алдан өткен қасқырға жұғыспау
    7.Елден кеткен, елден ауғанға жұғыспау
    8.Пәлелі өртке жұғыспау
    9.Биік тауға жұғыспау
    10.Жаралы жыртқышқа жұғыспау
    11.Қаралы елге жұғыспау
    12.Ашынған аш қасқырға жұғыспау
    13.Ашыққан ұрыға жұғыспау
    14.Киелі жерге жұғыспау
    15.Дастарханға жұғыспау
    16.Жетімге жұғыспау
    17.Жесірге жұғыспау
    18.Кесірге жұғыспау
    19.Еңіреген ерге жұғыспау
    20.Арқаны сылдыр ерге жұғыспау
    21.Жатқа кетер қызға жұғыспау
    22.Өзің шығар төрге жұғыспау
    23.Көктемдегі мұзға жұғыспау
    24.Өте шығар сызға жұғыспау
    25.Асып артылып қалған асқа жұғыспау
    26.Жарасы бар басқа жұғыспау
    27.Парақорға жұғыспау
    28.Басқа елдік азаматқа жұғыспау
    29.Балеткалы иге (ашыма) жұғыспау
    30.Төбелесте арашаға жұғыспау
    31.Тікені бар аласаға жұғыспау
    32.Құламалы құзға жұғыспау
    33.Дәм атасы- тұзға жұғыспау
    34.Иесіз жатқан малға жұғыспау
    35.Киесі бар далаға жұғыспау
    36.Обалы бар балықшыға жұғыспау
    37.Залалсыз малшыға жұғыспау
    38.Түтін ұшар шаңыраққа жұғыспау
    39.Ырыс келер босағаға жұғыспау
    40.Даладағы өлгенге жұғыспау
    41.Шыдап жерге көнгенге жұғыспау

  • Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба
  • Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

  • Ғабит Мүсірепов
  • ...Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

  • Мұхтар Әуезов
  • Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
    Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
    Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
    Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

  • Төле би
  • Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

  • Мұхтар Әуезов
  • Қазақстан-жалғыз ұлы қазақтың!
    Әр қазақ менің жалғызым!

  • Сабыр Адай
  • Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.

  • Жалау Мыңбаев
  • От ауызды, орақ тілді шешен

  • Даулет
  • Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

  • Бірде естіп едім,ойымнан кетпейді
  • Менің бар арманым,қазақ ұлты әлемдегі ең бақытты,сауатты,әулетті де дәулетті ұлтқа айналғанын көру.

  • Алтынбек Сәрсенбайұлы


  • «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен
    жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының
    ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,
    яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»



  • С.Аманжолов.
  • “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”

  • Мұхтар Әуезов
  • Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі - сондай тіл.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Сөз сайыста жеңілген де бір - тілі кесілген де бір.

  • Тоқсары
  • Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі

  • Нұрсұлтан Назарбаев
  • Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Қазақ тілі мемлекеті¬міз¬дің бар¬лық азаматтарын біріктіруге қуатты.



  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • «Өз тілімізбен өмір сүрейік!»- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!»

  • Нұрсұлтан Назарбаев
  • «Әңгіме - әулие жанр. Құдайға шүкір, қазақтың көркем әңгімесінің өз тарихы, өз дәстүрі, әлемдік әңгіме жанры жауһарларының қайнарларымен үндескен үздік үлгілері баршылық... Әттең, әңгіме жанрын жеңіл-желпі көріп, бората беретін «жазғыштар» және солар «әзірлеген» оқырмандар оның кадір-қасиетін кетіреді».

  • Мархабат Байғұт
  • «Тіл төңірегіндей таза тіршіліктің «түйесі мен биесі, ығай – сығай иесі» болмаса да , киесі бар екенін ұмытуға болмас. Бабаларымыз Фараби мен Ясауи түркі тілінің тағдыры үшін жүйкелерін жұқартып, жүректерін ауыртып, келер ұрпақтар тоздырып жібереді-ау деп күдіктенген екен. Бірі жат елге кетіп тынған, екіншісі елдегі әулекіліктен, әсереңкіліктен жерініп, тілдің тозуынан безініп, қылуетке тірідей түсіп кеткен. Олар оралды деп жатырмыз. Біржола оралта аламыз ба, соны ойланайық.»

  • Мархабат Байғұт
  • Туған өлкенің тарихы мен тіліне осы бастан қызыға білу керек

  • Мархабат Байғұт
  • Туған өлкенің тарихы мен тіліне осы бастан қызыға білу керек

  • Мархабат Байғұт
  • Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп тәлімдеп, тәрбиелеуге қол жеткізе алмасақ, бәрі бекер. Құлының өзін ұлына, күңінің өзін қызына айналдыра білген мейірімі мол, қайрымды қазақ едік қой, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтайық. Кітаптың қадіріне жетейік.

  • Мархабат Байғұт
  • Ей, тәкаппар дүние,
    Маған да бір қарашы.
    Танисың ба, сен, мені,
    Мен – қазақтың баласы!

  • Қасым Аманжолов
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 32601 | Загрузок: 0 | Комментарии: 20 | Рейтинг: 4.2/16 |
Всего комментариев: 191 2 »
23.09.2013 Спам
19. Арука*_^
Өте-өте рахмет!!!!!

20.09.2013 Спам
18. Дияра
көп көп рахмет

28.04.2012 Спам
17. БЕКСҰЛТАН
rahmet

23.04.2012 Спам
16. венера
коп коп рахмет

25.10.2011 Спам
15. Патшайым
Рахмет

16.09.2011 Спам
14. aida
үлкен рахмет

16.09.2011 Спам
13. мурат
шын мәнінде де барлығы өзіміздің тілімізді ұмытып бара жатыр осы мәселені өзіміз ретке келтіріп жөндеп оны болашак өскелең ұрпаққа дәріптеу керек қазақтың жастары соңан тырысып менің сөзімді кекетпей істейік!!!!!!!!!!!

16.09.2011 Спам
12. Акын жанды ару
Расымен де казак ана тилин умытып бара жатыр. Умытпаганынан калганы оз тилинде сойлегенди ар кореди. Интернет беттерин ашып калсан болганы жастардын пикирталасында тилге деген шоркактык айкын байкалады. Типти шыгармашылыкка комек сурап та жатады. Казак деген созге бай халык емес пе? Ал казирги жастар сол байлыкты колданбаска?! Елбасымыз Н.А.НАЗАРБАЕВ оте дурыс айтты. Устанган саясаты, халыкка деген ундеуi саралы ой, салмакты пикир. Мен толыктай колдаймын.
Берик iргемиз,
Елбасымен бiргемиз!!!

11.09.2011 Спам
11. бекарыс
коп коп коптен коп елден коп коктей алгыс рахмет

05.09.2011 Спам
10. Расул
tagi jok pa??

1-10 11-19
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz