БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Салт-дәстүр - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Салт-дәстүр
[ ] 07.12.2008, 11:48
  • Басқа бәле тілден.

  • Кобелеков
  • Басыңа күн туғанда он екіден айырылма:
    1.Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма;
    2.Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма;
    3.Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
    4.Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
    5.Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;
    6.Өзіңді зор,басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;
    7.Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;
    8.Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма;
    9.Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;
    10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма;
    11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма;
    12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

  • Өтейбойдақ баба
  • Шын бақ - ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?


  • Әлихан Бөкейханов
  • Балам, халықтың ұлы болмасаң - менің де ұлым емессің.

  • Қадыр Мырза Әлі
  • Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
    Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
    Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
    Көңілін көгертуге құл халықтың.

  • Ахмет Байтұрсынов
  • Алтын ұяң - Отан қымбат,
    Құт береке – атаң қымбат,
    Асқар тауың - әкең қымбат,
    Мейірімді – анаң қымбат,
    Туып өскен елің қымбат.

  • Төле би
  • Атадан жақсы ұл туса,
    Елінің туы болады.
    Атадан жаман ұл туса,
    Елінің соры болады.

  • Қазыбек би
  • Жалғанда қазақтан асқан жомарт елді көрген де, естіген де емеспін. «Өзім дегенге өзегін суырып береді» деген әсірелеп айтылған сөз шығар. Ал өзі жаяу қалса да астындағы жалғыз атын түсіп беретіні құдайдай шындық. «Сый қылсаң сыпыра қыл» дейді, қазақ. Бұл қазақ біреуді шын сыйлағысы келсе барын базарға салады. Тереңде жатқан асылын да, ардақтысын да бетке шығарады.

  • Тұрлыбайұлы Ж
  • Алдыңғы толқын ағалар,
    Артқы толқын інілер,
    Кезекпенен өлінер,
    Баяғыдай көрінер.

  • Абай Құнанбайұлы
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 10819 | Загрузок: 1 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 4.0/3 |
Всего комментариев: 9
30.09.2014 Спам
9. kazah
wws otirik koi bari

09.11.2013 Спам
8. дина
Блиин аз гой!онын устине маган отан жайлы керек еди!тук болмаса неге сайт ашасындар осы?

11.11.2011 Спам
7. bauyrzhan
будан баска да накыл создер болса салындаррр

15.08.2011 Спам
6. Досжан
Бұйырганы бар гой

22.07.2011 Спам
5. KZ
окитын адамдар аздау болмаса,

22.02.2011 Спам
4. ол
жаксы гой

22.10.2010 Спам
3. Жәнібекқызы Дина
Дым жоқ қой

07.09.2009 Спам
2. ОЛ
ангме жоок

07.09.2009 Спам
1. ДЭЩ
ЖЖЖЖ

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz