БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Тарих - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Тарих
[ ] 07.12.2008, 11:49
  • Тарихты көп оқыған адам-қазақ патриоты!

  • Самат
  • Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік,
    Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмедік.

  • Абылайхан
  • Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.

  • Расул Ғамзатов
  • Бүгінгі 10 жылдық мерейтой – Астананың жасампаз тарихының алғашқы парағы ғана. Астананың гүлденуі, Қазақстанның гүлденуі – бүгінгі буынға парыз, ертеңгі ұрпаққа аманат

  • Нұрсұлтан Назарбаев
  • Қазақтардың ұлттық статусы, ұлттық бағасы бүгінде нағыз мемлекет қалыптастырушы ұлт статусына лайық.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

  • Асқар Сүлейменов
  • Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.


  • Әлихан Бөкейханов
  • "Алаш" туының астында
    Куә болсын арымыз!
    Көркейтуге Алашты
    Құрбандық - біздің жанымыз!
    Жасасын, Алаш, жасасын!

  • Сұлтанмахмұт
  • Біз Ордабасыға оралдық. Ойланып барып, кешегі һәм бүгінгі, әсіресе ертеңгі халкүйімізді таразылап барып оралғандаймыз . Ләйім, баянды болғай да. Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді еске алу күндері - алаштың айтулы тойы, күллі қазақ жерінде бұған дейін өткен той-мерекелер Ордабасыға келер жол болғандай, бұдан кейін өтетін мереке-тойлар осы Ордабасының жалғасына айналар.

  • Мархабат Байғұт
  • Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Ата жұрты бұқара
    Өз қолында болмаса,
    қанша жақсы болса да,
    Қайратты туған ер ғаріп.

  • Асанқайғы
  • Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірәда?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадырлы өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!

  • М.Әуезов
  • Бұл даланы анам жаспен суарған,
    Бұл далада атам қолға ту алған,
    Бұл далаға жылап келіп уанғам,
    Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
    Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

  • Қ.Аманжолов
  • Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ...
    Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміз – де қауіп – қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы- халық, ел намысы- ер қолында, ер намысы- ел қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.- Жеңілмес күшіміз сонда.

  • Бауыржан Момышұлы
  • Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

  • Нұрсұлтан Назарбаев
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 11038 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.8/5 |
Всего комментариев: 1
17.11.2011 Спам
1. Алуа
бақытсызбын деп сен еш уақытта айтпа, себебі, сен өз туылған жеріңде аяғыңды нық басып жүре аласың...

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz