БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Шетелдік даналардан - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Шетелдік даналардан
[ ] 07.12.2008, 11:49
  • Өткен күн, КЕШЕ,-тарих
    Келер күн, ЕРТЕН,-сыр
    Ал бүгінгі күн-үлкен сый

  • білмедім
  • Өмір сүру, творчество жасау дегеніміз - құлау, адасу, жөн табу, тағы адасу,тағы жөн табу.

  • Толстой
  • Жақсы басталған іс-жартысы біткен іс.

  • Платон
  • Өмір-бұл мүмкіндік. Оны жіберіп алма!

  • Тереза
  • Махаббат та өшпенділік сияқты,
    Ажыратпас алыс пенен жырақты.

  • Ағылшын мақалы
  • Атаңды ер деп танысаң,ерлік қыл.

  • татар халық мақалы
  • Клейст қолжазбаларын екі мәрте өртеген... Пьеро делла Франческа өмірінің соңында зағип болып қалған... Ибсеннің қартайған шағында есте сақтау қабілеті күрт төмендеп, алфавитті қайыра оқыған... Ең бастысы – рухты болу! Жігерлі бол!

  • Альбер Камю
  • Бай бодан болғаннан, тәуелсіз кедей болған әстілі жақсы. Әрине, адамдар бай, әрі тәуелсіз болғанды қалар еді – соның жолында олар кедей құлға айналады.

  • Альбер Камю
  • Тәжірибеде шешуді талап етіп тұрған маңызды мәселе: «жалғыз және бақытты болу мүмкін бе?»

  • Альбер Камю
  • Өз басым бөтеннің құпиясын ашқанды ұната қоймаймын. Бірақ бөгде адамның ағынан жарылғанын қалап тұрам.

  • Альбер Камю
  • # Қызғаншақтар үнемі дүрбіден қарайды,
    ол кішкентай нәрсені - үлкен нәрсеге,
    ергежейлілерді - алыптарға,
    жорамалды - шындыққа айналдырады.


  • М.Сервантес
  • Қызғаншақтар үнемі дүрбіден қарайды,
    ол кішкентай нәрсені - үлкен нәрсеге,
    ергежейлілерді - алыптарға,
    жорамалды - шындыққа айналдырады.

  • М.Сервантес
  • Кеше мен бүгін үшін талассаң ертеңнен айрыласың.

  • Винстон Черчил
  • «Өмір – теңіз,
    Онда жүзем демеңіз,
    Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

  • Рудаки
  • Ақиқатын айт, адамға жақпағанымен, Аллаға жағады.

  • Шығыс даналығы
  • Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең

  • И. Гёте
  • Туған тіліңді қорғау - туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса – бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгірген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлегінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.

  • Бедредтин Далан
  • Үйдің әрбір сызаттанған, жарылған жері үшін дабыл қағып жүретін адам болса, ол үйге қирау қаупі тумайды.

  • Публилий Сир
  • Кімде-кім өткенін жадында ұстамаса, сондағы қателіктер алдынан қайта шығуы мүмкін.

  • Джордж Сантаяна
  • Кейде бір адам ұлтты қорғап қалуы мүмкін, керісінше нақ сондай бір адамның бүкіл ұлтты жерге қаратуы ғажап емес.

  • Пьер Буаст
  • Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.

  • Д. Байрон
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 6092 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.6/5 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz