БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Дін - Нақыл сөздер - Нақыл сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Нақыл сөздер [10]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Нақыл сөздер » Нақыл сөздер

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР - Дін
[ ] 07.12.2008, 11:52
  • ``Сатқан емен,Сатпаймын дінімді мен.Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем. Алла деген жүрегім жұдырықтай,Жүрегімнің соққанын біліп жүрем``.

  • Мұқағали Мақатаев.
  • Қанатындай сұңқардың,
    Тұяғындай тұлпардың,
    Иман жүзді қуатты.
    Мен жастарға сенемін.

    Мағжан Жұмабаев

  • Қазыбек
  • Алла тағала! Арыстың ұрпағына пейіл-пікіріне ылайық ғұмыр бере көр! Салуалы ордасы, салауатты адамы болса екен! Ел қамын жейтін ерлері болса екен! Елім деп еңірегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін ұрпағымызды көбейте көр! Қазақ тым сенгіш, тым аңқылдақ, ақкөкірек, осысынан көп қорлық көрмегей! Әмин!

  • Қазыбек бек
  • Иманы кеткеннің жиғаны кетеді.

  • Белгісіз
  • Қазақ бір-бірін көргенде, Аллалап бауырына басып, құшақтап көріссін.

  • Светқали Нұржанов
  • Надан молда намазқой.

  • Халық даналығы
  • Қорыққан молда мешіттен ұзамсайды.

  • Халық даналығы
  • Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

  • Халық даналығы
  • Пірге қол бермеген, шайтанға жол береді.

  • Халық даналығы
  • Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.

  • Халық даналығы
  • Діні басқаның тілі де басқа.

  • Халық даналығы
  • Жетімге ауыз берген Құдай, нәпаха да берер.

  • Халық даналығы
  • Тәңірінің құдіретін көремін десең тауға бар.

  • Халық даналығы
  • Шайдан басқа асым жоқ, Құдайдан басқа досы жоқ.

  • Халық даналығы
  • Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан

  • Халық даналығы
  • Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі – ақ табылар.

  • Халық даналығы
  • Құдайым ас берсе қанағатын қосып берсін, суат берсе салауатын қосып берсін.

  • Халық даналығы
  • Қасіретте кірмеген ес, ақиретте кірмейді.

  • Халық даналығы
  • Жігіттің де жігіттің ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.

  • Халық даналығы
  • Әулиеге түне, Құдайдан тіле

  • Халық даналығы
  • Әулие Құдай емес, Құдайдан былай емес.

  • Халық даналығы
  • Сый, құрмет берерде әуелі Алла тағала ұят береді.

  • Халық даналығынан
  • Өзіңді сүйгің келсе, Исламды сүй

  • Сократ
  • Бәрі рас айтқанымның ақ Алламның,
    Күн менен топырақтан жаралғанмын.
    Құдайдың құлымын мен мұсылманмын.
    Денемде түйірі жоқ арам қанның
    Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.

  • Мұқағали Мақатаев
  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл

  • Әуез
Категория: Нақыл сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 12229 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 4.3/11 |
Всего комментариев: 6
04.02.2011 Спам
6. Жайна
1. Арман деген не?
Жігітке:
— Арман деген не? — депті қарт.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді,
қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай
кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт.

04.02.2011 Спам
5. Жайна
Астагифируллах, Алла тагалам казагымнын журегыне иман берсын. Алла тагалам мен Мухаммед пайгамбардын бизге деген суйыспеншылыгы мол болсын.

04.12.2010 Спам
4. Гульбаршын
Ауыздығыңды өзің тарта жүр, біреу тарста езуіңді жырып кетеді

Бір жақтан қайтқанда жақсы жігіт: Туған жерін аңсап қайтады, алдына мал сап қайтады. Жаман жігіт пісте шағып қайтады , қалтасын қағып қайтады.

Өсетін бала қозысын бағып қой етер
Өспейтін бала қозысын сойып той етер.

Ұйықтаған ұйқы алар, ұйықтамаған жылқы алар (кеше біреуден естідім)


04.12.2010 Спам
3. Гульбаршын
Алпамыс батыр жырында "Байбөрі Алладан жалбарынып перзент сұрайды. Мойынына бұршақ салып әулие-әнбие аралап Әзіреті сұлтанмен Баба ата бейітіне түнейді. Ғайып ерен Қырық шілтен түсіне еніп аян береді" деген жері бар емеспе. Лиро эпостың барлығында мұндай әңімелер көп. Ата-бабамыздың салтын жатсынбау керек. Қателесуден бізде қорқамыз. Бірақ аспаннан киіз жауғанда ұлтарақ бұйырмай қалмасын. Аруақтың қолдауынан қашпаңыз.

21.11.2010 Спам
2. Гульбаршын
аруақ сыйлаған қазақ халқы: аруақ күңіренбесін, аруаққа тіл тигізбе, бір аунап жатқан шығар, аруақ дәметеді деген сөздерді көп айтады - өте орынды, бір Алладан тіле, әулие-әнбиемен аруақты да ұмытпа қолдап жүреді сонда

09.06.2010 Спам
1. Медет
Мынау не деген қателіктер?! Әулиеге түнеме, АЛЛАҺ-тан тіле!!!

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz