Әзілдер - Әскер - Әзіл-оспақ - Әзіл-оспақ - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Әзіл-оспақ [11]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Әзіл-оспақ » Әзіл-оспақ

Әзілдер - Әскер
[ ] 08.12.2008, 11:03
Мылтығыңызды кеземеңіз!
Әскерлердің жабырқап жүргендігін ескерген командир биші қыздарды шақырып, әскер жігіттерге би кешін өткізіпті.
Сарығып жүрген әскер сұлу қыздың белінен құшақтап биге түскенде, ана құрғыры да көтеріліп кетсе керек. Сонда қыз: әскер жолдас, мылтығыңызды кеземеңіз! деген екен.

-------------------------------------------------------------------------
Әскердегі жігіт
Қыз бен жігіт танысады. Бір бірін сүйетінін айтып,өздерін бақытты санап жүреді.
Кешікпей жігіт әскерге кетеді. Жігіті әскерге кеткен соң қыз басқа біреуге жақсы болып қалады да жігітіне хат жазады:
-<<Ренжімей сендегі суретімді салып жіберші, басқа бір жігітке жақсы болып қалдым, соған берейін деп едім>>
Жігіт әбден ыза болады да бұл қызға бір шыдайын дейді. Әскердегі жігіттердің қарындас, әпке, әйел, жолдастарының суреттерін жыйнап алып барін бір конвертке қыздың суретімен қосып салады да хатқа былай жазады:
-<<Сен кім едің,бірге болған қалың қыздардың қайсысың? Өз суретіңді тауып ал дағы қалғаның қайта өзіме салып жібер>>

-------------------------------------------------------------------------
көрмей қалам
Прапорщик әскерге:
-Бір құлағыңды кесіп тастаса не болады?
-Есітпей қалам.
-Екеуінде кесіп тастаса ше?
-Көрмей қалам.
-Е неге?
-Каскам түсіп көзімді жауып қояды.

-------------------------------------------------------------------------
Иди сюда
Бір күні бір ауылдың баласы әскерден келіпті.
Сөйтіп досы сұрап жатыр дейді:
-Сен әскерге барып орысша үйреніп келдін ба?
-ИӘ!
-Бір орысты шақыру үшін не деп айтам.
-Иди сюда.
-Ал егер кет десем ше?
-Ар жағынан айналып барып ИДИ СЮДА дейсін.-деген екен!

-------------------------------------------------------------------------
Граната
Бир куни госпитальга еки чукча тусипти. Мушелери жулынып калган екен. Олардан не болды деп сураганда, Биз граната туралы жаттыгу сабагын откизип жатыр едик. Гранатанын сакинасын алганннан кейн онга дейн санап, одан кейн лактырасындар дедй.Сакинаны алганнан кейн саусактарыммен санай бастадым. Бестен кейн саусактарым жетпей калды. Екинши колымдагы гранатаны бутымнын арасына кысып ары карай санай бастадым. Тогыз деген кезде граната тарссссс етип жарылып кетти депти

-------------------------------------------------------------------------
Сарбаз
Сарбаз келе жатыр. Оған қарама-қарсы маршал. Сарбаз құрмет көрсетпей өтіп кетеді. Маршал:
- Сарбаз, неге құрмет көрсетпейсің?
- Кешіріңіз, жолдас лейтенант!
- Сен не, дәреже ажырата алмайсың ба?
- Ой, кешіріңіз жолдас полковник!
- Сарбаз, сен не жапырақты көрмейсің бе?
- Немене? Орманшы? Жоғал әрі!

-------------------------------------------------------------------------
Екі шалдың әңгімесі
Екі шалдың әңгімесі.
-Соғыста мен ұшқыш болдым.
- Жақсы болыпты ғой.
- Несі жақсы болды дейсің? Бірде жау тылына барлауға ұшып бара жатқанда, самолетімді атып түсірді.
- Ой, жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, парашютпен секіріп кеттім.
- Е, жақсы болған екен.
- Несі жақсы болды дейсің, қырсыққанда парашютім ашылмай қойды.
- Туһ, жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, бағым бар екен, шөмеле шөптің үстінен бірақ түстім.
- Е-е, ол жақсы болыпты ғой.
- Несі жақсы болды дейсің, жан-жағыма қарасам, немістер қоршап алыпты.
- Бәлі, бұл енді жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, автоматым бар болатын, бәрін қырып тастадым.
- Бәрекелді, жақсы болған екен.
- Несі жақсы болды дейсің, есімді жисам, бәрі өз адамдарымыз екен...

-------------------------------------------------------------------------
Бишіге сәлем
Сарбаз парашютпен секіріпті. Қасынан ұшып бара жатқан бүркіт:
- Бишілерге сәлем!-деп саңқ ете түсіпті.
Парашютші: Мен биші емеспін, парашютшімін.
Бүркіт:Төменде үлкен кактустар бар. Қалай билегеніңді өзің де білмей қаларсың.

-------------------------------------------------------------------------
Ағаң келіп тұр
Командиp әскерді шақырып.
- Сен өлімнен кейінгі өмірге сенесің ба?
- Жоқ.
- Онда саған екі апта бұрын садақасына барған ағаң келіп тұр!...

-------------------------------------------------------------------------
Ертең айтамын
- Жолдас прапорщик, ақымақты қалай қызықтыруға болатынын білесіз ба?
- Жоқ, қалай?
- Ертең айтамын...

-------------------------------------------------------------------------
Суда
Старшина:
- Әскер, жүзу білесің ба?
Солдат:
- Дәл солай!
Старшина:
- Қайда үйрендің?
Солдат:
- Суда, жолдас прапорщик!

-------------------------------------------------------------------------
Егер
Егер студент оқығысы келмесе, онда әскери комиссариант дұрыс жұмыс істемейді деген сөз...

-------------------------------------------------------------------------
А С Б Ұ Р Ш А Қ
Екі жауынгер өзара сөйлесіп отыр. Біреуі:
- Есіттің бе ? Кеше танкішілер өздерінің аспазшыларын өлтіре жаздапты !
Екіншісі:
- Не үшін ?
- Оңбаған, шабуылға шығар алдында ас бұршақтан сорпа дайындап беріпті !

-------------------------------------------------------------------------
НЕ БОЛАТЫНЫН КӨРЕМІЗ ???
Резервтегі әскери адамдары ұшақтан парашютпен тастап жатыр. Үйретуші:
- Секіресіңдер. Шығыршықты тартасыңдар. Парашют ашылады. Жерге түсесіңдер. Төменде сіздерді автобус күтіп тұр. Отырасыздар және үйлеріңізге дейін жеткізіп тастайды.
Келесі біреуі секіреді. Шығыршықты тартады. Парашют ашылмайды. Ұшып келе жатыр, сонда былай депті:
- Иә, парашют жөнінде алдап соқты. Көреміз, автобусы не болар екен ???

-------------------------------------------------------------------------
СЕНІМІМ БОЙЫНША
Әскери комиссариатта жігіттен сұрап жатыр:
- Сіз әскер қатарында қызмет етуден неге бас тартасыз?
- Сенімім бойынша.
- ?
- Мен сенімдімін маған ол жақ ұнамайды !

-------------------------------------------------------------------------
ҰЛТТЫҢ БАТЫРЫ
Қызы үйінде ұзағынан болмайды. Тек қана таң ата келеді. Әкесі ашуланып:
- Сен қайда болдың ?
Қызы мақтанышпен:
- Мен түнді ұлттың батырымен бірге өткіздім.
- Кіммен?
- Белгісіз жауынгермен !!!

-------------------------------------------------------------------------
ТАРЗАНДЫ АРМИЯҒА
Шашын тықырлап алып тастаған еркек қалың ну орманның ішінде жүгіріп келеді. Ал оның соңында бір топ аңдар. Бір маймыл жүгіріп бара жатқан аңдардан сұрап жатыр:
- Не болды? Орманда өрт болып, мына жүгіріп келе жатқан өрт сөндіруші ме? Өртті сөндіре алмады ма?
Ал оған былай деп жауап беріпті:
- Жоқ, Тарзанды армияға шығарып салудамыз....

-------------------------------------------------------------------------
Ақылды
Генерал:
— Байқаймын, қатардағы жауыгер, сен өте ақылды екенсің.
— Кім, мен ба?
— Мен емес қой енді!

-------------------------------------------------------------------------

БАС ЖАЗУ
Жауынгерлердің жатақ орны. Прапорщик кіріп, жауынгерлерді сапқа тұрғызады.
Прапорщик: * Кеше кешке кім ішті?*
Үнсіздік.
Прапорщик: * Екінші рет қайталап сұраймын,кеше кешке кім ішті?*
Барлығы үндемейді, тек қана бір жауынгер шығып: *Мен жолдас, прапорщик*- дейді.
*Сен бе - деп прапорщик жауынгерді көрсетіп тұрып,- сен менімен бірге бас жазуға барасың, ал қалғандарың ТАЗАЛЫҚҚА көшіңдер!* - депті.
 

-------------------------------------------------------------------------
АҒАЙЫНДЫЛАР
Старшина взводты сапқа тұрғызып : * Мен бүгін сендермен саяси сабақ өтемін!* - дейді.
- Бірінші сұрақ: Арманов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
Минуттық үнсіздік: - Білмеймін.
- Ақымақ! Отан дегеніміз сенің анаң! Түсінікті ме?
- Иә!
- Сен не түсіндің?
- Отан менің анам!
- Жарайсың!
- Болатов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
- Отан дегеніміз Армановтың анасы!
- Ақымақ! Отан сенің анаң!Түсінікті ме?
- Иә.
- Сен не түсіндің?
- Біз Арманов екеуіміз ағайындымыз!

-------------------------------------------------------------------------
АЛИК - ШАРИК
Ұлы Отан соғысы. Екі партизан жау қоршауына түсіп қалады. Сонда бірінші партизан:
- Сен немістерді ұстай тұр, мен қосымша күшке барып келемін. Міне саған менің бас киімім мен соңғы граната.
Екі сағаттай уақыт өтеді. Бірінші партизан қосымша күшті алып келіп, қараса: екінші партизанды немістер қоршап алған, ал ол :
- Соңғы рет көрсетемін, ақымақ фашистер!Міне екі бас киім, бір граната, алик-шарик, граната қайда? -деп айтып отыр.

-------------------------------------------------------------------------
Сайыс
Бір күні әр елден келген әскерлер биікке шығудан сайысқа түсіп жатыр екен. Орыс әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй орыс, бауың шешіліп қалыпты! Орыс аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қытай әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй қытай, бауың шешіліп қалыпты! Қытай аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қазақ әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй қазақ, бауың шешіліп қалыпты! Қазақ:
-Кетші эй! Менде галош!

-------------------------------------------------------------------------
Иесінен ақылды
Шекарада:
- Прапорщик жолдас, ақылды иттер бола ма?
- Болады, қатардағы жауынгер. Кейде иесінен де ақылдылары болады. Менде сондай ит болған...

-------------------------------------------------------------------------
ҚАНДАЙ ЖЕКСҰРЫН
Жауынгер күзетте тұр. Қасына полковник келіп сұрап жатыр:
- Аты - жөнің?
- Қатардағы жауынгер Арман БЕКЖАНОВ.
- Роталарыңда қанша адам бар?
- 80.
- Батальонда қанша адам бар?
- 350.
- Ал сен неге әскери құпияны айтасың? Мүмкін мен жансыз шығармын!!!
Мылтық үні естіледі...... Жауынгер:
- Қарашы, ҚАНДАЙ ЖЕКСҰРЫН !
Категория: Әзіл-оспақ | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 6556 | Загрузок: 1 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.1/11 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz