Әзілдер - Қожанасыр - Әзіл-оспақ - Әзіл-оспақ - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Әзіл-оспақ [11]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Әзіл-оспақ » Әзіл-оспақ

Әзілдер - Қожанасыр
[ ] 08.12.2008, 11:07
Бөліп төлейміз
Таксимен керекті жерңне жеткен Қожанасыр жүргізушіге:
-Қанша?
Жүргізуші:
-2 доллар. Ал, Қожанасыр 1 доллар беріп тұр, ашуланан жүргізуші:
-2 доллар дедім ғой!
Сонда Қожанасыр:
-Неменеге айқайласың, а?! Екеуміз бірге келген екенбіз, бөліп төлейміз!

-------------------------------------------------------------------------
Іші ауырған Қожекең
Бір күні Қожекең автобуста кетіп бара жатқанда іші қатты ауырып тұрады. Бір кезде өзіне еге бола алмай осырып қояды. Сонда жанында отырған бір орыс әйел:
- Фууу!!! ВОНЯЕТ ВОНЯЕТ!!!-деп айқайлап қоймапты.
Қожанасыр болса таңданып:
- Еее, адамның іші ауырып өлейін деп жатса, мынаның ӘН АйТ, ӘН АйТ дей бергені несі???-деген екен...

-------------------------------------------------------------------------
мал жогалту
Қазақ ауылда тұратын бырқытай быр жолы тоқтысын жоғалтып алып іздеп табаалмай ақыры ертеңінде быр жырада олып жатқан жерінен тауып алыпты , сөнімен қазақ көршілері кезігіп тоқтың табылдыма деп сұрапты , сонда әлгі қытай күн ыздейды тұн ыздейды табалмай жүрсем быр шұңқырда олып өтірдеген екен.

-------------------------------------------------------------------------
Арқан бос емес...
Көршісі Қожанасырдан арқан сұрайды.Қожа үйіне кіріп шығып: - Әйелім арқанға ұн салып қойыпты-дейді.
Көрші:- О заманда,бұл заман арқанға ұн салама екен?-дейді. Қожа:-Бергісі келмесе адам не дейді...

-------------------------------------------------------------------------
Қожанасыр
Түн ішінде Қожанасыр әйелі екеуі ұйықтап жатады. Бір кезде Қожанасыр оянып кетсе, әйелінің арғы жағына біреу келіп жатқан сияқты болады. Сосын Қожанасыр төсектің аяқ жағына тұрып аяқтарды санай бастайды. Біреу, екеу, үшеу, төртеу.... Е-е, дұрыс екен ғой, деп қайта ұйықтап қалыпты.

-------------------------------------------------------------------------
Қожанасырдың басындағы бит
Бір күні Қожанасыр басын қасып жатқанда бит ұстап алыпты.
Ол битке"Ендігіәрі басымды қышытатын болсаң,мен сені жаяу жүргізіп қоямын"-деп,битті басына қайта тығып жіберіпті.

-------------------------------------------------------------------------
-Алло, сен қайдасың?
-Мен міне, базарда тұрмын, 29-шы автобусты күткелі 30 минут болды,шаршап кеттім, 30-шы автобусқа отыра салса қайтеді екен?! )))

-------------------------------------------------------------------------
ЕСІКТІ ТАСТАП БІР ҚАДАМ ҰЗАУШЫ БОЛМА !!!
Қожанасырдың бала кезі екен. Бірде анасы көрші үйге бармақ болып Қожанасырға:
- Балам, үйге қарап отыр, есіктен бір қадам ұзаушы болма – деп тапсырады.
Қожанасыр табалдырыққа жайғасып алып, үйге қарап отырады. Аз ба, көп бе біраз уақыт өткен соң, үйге қонақтар келеді.
- Жайғаса беріңіздер – дейді оларға Қожанасыр – мен барып анамды шақырып келейін.
Қожанасыр қонақтардың көздерін бақырайтып қойып, есікті топшасымен жұлып алыпты да, арқасына салып, жүгіріп анасына барады.
- Балам – ау, мынауың не ? – дейді анасы аң-таң болып – Есікті неге жұлып алғансың ?
- Анашым, “есікті тастап бір қадам ұзаушы болма” деген өзің емес пе ! Міне сенің, айтқаныңды қалт еткізбей орындап тұрмын ғой – депті сонда Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
АРЫ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСЫ
Қожанасырды әкімнің үйіне дәмге шақырыпты. Тамақ ішіп-желінген соң:
- Ал қалай, тамақ дәмді ме екен ? – деп сұрайды.
- Нашар – дейді Қожанасыр.
Әкім ашу шақыра бастайды, сонда Қожанасыр ақталып:
- Сіз менен тамақ неге нашар болды? – деп сұрамадыңыз ғой – дейді.
- Неге ? – деп сұрайды маңындағылар.
- Ары қарай жалғасын таппаған тамақ, қашан да нашар – депті Қожанасыр - Өйткені, тәтті тамақтар тек есте қана қалады да, сонысымен көңілсіз әсер тудырады. Ал әмірдің бізге берген тамағы керемет болуы үшін оны ары қарай жалғастыруы қажет. Кешкі асты әзірлеуге бұйрық берсін.

-------------------------------------------------------------------------
АСПАН ЖАҚҚА БҰР
Бірде көрші ауылда ас беріліпті. Қожанасыр тамаққа тыңқия тойып алған соң, үйіне қайтпақ болып арбаға отырады. Таңғажайып көктем түні. Қарны тоқ Қожанасыр арбаға сұлай түсіп түнгі аспанға қарап жатады. Жымыңдаған жұлдыздарды тамашалап, арбакешке:
- Аспанда күллі жұлдыздар жайнап тұр ғой, бұл түні о жақта не болды екен? – дейді ыңылдап.
- Бәлкім, ол жақта да ас берілген шығар – деп әзілдейді арбакеш.
Сонда Қожанасыр жатқан жерінен атып тұрып:
- Өгіздерді тезірек аспан жаққа бұр, әйтпесе кешігеміз – деген екен.

-------------------------------------------------------------------------
ТӨГІЛІП КЕТЕР
Қожанасыр сырттан кеш оралып:
- Қатын, жейтін нең бар? – дейді.
- Бұршақ пісіріп едім – дейді әйелі – балалар ішіп болды, дастарханға отыр.
Әйелі тез арада үлкен тостақпен көже әкеледі. Қожанасыр көжені ішіп болған соң:
- Шынында көптен бері мұндай дәмдә тамақ ішпеп едім. Тағы да жоқ па? – дейді.
Әйелі тағы бір тостақ көже әкеледі. Қожанасыр тез арада тауысып, тағы да сұрайды. Үшінші тостақ та тез арада босап қалады. Осы кезде Қожанасырдың балалары жүгіріп үйге кірген бойда, әкелеріне тұра ұмтылады:
- Әке, ойнайықшы – деп.
Сол уақытта тойып алған Қожанасыр оларды маңына жолатпай:
- Аулақ кетіңдер !!! Әйтпесе, ішкен көжем төгіліп кетер – деген екен сасқалақтап.


-------------------------------------------------------------------------
БАКЛАЖАН
Бір тойда Қожанасыр жүзімнің бір шоғын тұтас аузына салып жіберіпті.
- Қожанасыр – дейді оған – жүзімді бір-бірлеп үзіп жейді ғой.
- Бір – бірлеп жейтін нәрсе баклажан деп аталады – депті сонда Қожанасыр.


-------------------------------------------------------------------------
ҮЛКЕН ҮЙ
Қожанасырдың жұмыссыз жүргенін көріп, падишаһ шақырып алып:
- Бүгіннен бастап менің аспаздарымның бастығы бол – дейді.
- Құп болады, тақсыр! – дейді Қожанасыр.
Бірнеше апта өткен соң, падишаһ Қожанасырды шақырып алса, Қожанасыр табақтай болып семірген. Падишаһ аң-таң болады.
- Үйіңіздің есігі сізге көп ұзамай тар бола ма деп қорқамын – дейді падишаһ.
- Тақсыр, есік уайым бола қоймас, оны кеңейтуге болады ғой – депті Қожанасыр – тек мен сізден үлкен үй сұраймын ба деп жүрмін...

-------------------------------------------------------------------------
БЕС САУСАҚ
Біреу Қожанасырдың тамаққа қолын салып жіберіп, қомағайлана жеп жатқанын көріп:
- Сен неге бас саусағыңмен жейсің ? – дейді.
- Оның себебі саусақтарым алтау емес, бесеу ғой – депті сонда Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
Еврей
- Неге сонша таблетканы бірден ішіп жатсын?
- Бүгін бұл таблеткалардың қолдану мерзімі бітеді.

-------------------------------------------------------------------------
БЕТПЕ - БЕТ КЕЛГЕН ӨЗІНЕН КӨРСІН
Қожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожанасыр қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің иесі жанжалдасып Қожанасырды сотқа алып барады:
- Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? - дейді сот.
- Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде мен де оны балтаның сабымен ұрар едім. Бетпе - бет келген өзінен көрсін - депті Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
АЩЫҒАН СУ
Бірде Қожанасыр көшеде келе жатқанда, одан біреу:
- Теңіздің суы неге ащы?- деп сұрапты.
Сонда Қожанасыр:
- Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой - депті.

-------------------------------------------------------------------------
КӨҢІЛ АУЛАУ
Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне апайы Қожанасырды сұраққа алады:
- Кеше мектепке неге келмедің?
- Іс болып қалды.
- Қандай іс?
- Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, соған бірге барған едім.
- Тіс суыртатын ағаң екен, сен неге бардың?
- Тісін суырып ауыртып жатқанда, есік алдында бақырып, ағамның көңілін аулап тұрдым - депті Қожанасыр.
 
-------------------------------------------------------------------------
ЖИЫРМА БЕС САҒАТ
Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы:
- Қожанасыр, күн неше сағат? - деп сұрапты.
- Бүгін жиырма бес сағат болса керек - депті Қожанасыр.
- Жиырма төрт сағат емес пе? - деп ұрысыпты оқытушы сонда.
- Кеше * күн енді бір сағатқа ұзарады* дегеніңіз қайда, апай! - депті оған Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
ӘЙЕЛІМ ЖЕҢГЕН
Қожанасыр бір күні шәкіртінен:
- Бір пұт мақта ауыр ма, немесе темір ауыр ма?- деп сұрапты.
Шәкірті ұстазының мұндай сұрауына ойланып:
- Әрине, екеуінің салмағы бір болса керек - депті.
- Балам, сенің жауабың да дұрысқа ұқсайды, бірақ та бұл туралы әйелімнен сұрағанымда ол *темір ауыр* деп мені жеңген еді - депті Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
ТЕСІК ҚАЛАДЫ
Бірде Қожанасырдан мектепте оқытушы:
- Қожанасыр, төрттен төртті алса не қалады? - деп сұрапты.
Қожанасыр жауап бере алмайды.
- Мысалы, қалтаңда төрт теңгең бер еді, сол теңгелер қалтаңнан түсіп қалды, сонда не қалады? - депті оқытушы пысықтап.
- Не қалсын, теңге түсіп кеткен тесік қалады да - депті Қожанасыр.

-------------------------------------------------------------------------
АЙДЫ МАЙДАЛАЙДЫ
Бірде Қожанасыр көшеде келе жатқанда одан біреу:
- Қожеке, осы жаңа ай туғанда, ескі айды не қылады? - деп сұрайды.
Сонда Қожанасыр ойланбастан:
- Жаңа ай туғанда, ескі айды майдалап жұлдыз қылады да шырағым, - депті.

-------------------------------------------------------------------------
Не үшін зводап тұрсын?
Жігіт үйіне келсе, есігінің алдында өлген есекті көреді. Сосын полицияға звондап хабар береді.
Полиция:
- бізге не үшін звондап тұрсын? ал да көміп таста!
- оындай кезде туысқандарына хабар беру керек, сол үшін звондап тұрмын.

-------------------------------------------------------------------------
сеныкі күнде ашіқ жүреді ғой
баяғыда қой мен ешкі сапарға шіғіпті.жолда келе жатып бір тоған ға кез болыпты.сонда екеуі алдымен кімсекырыу туралы біріне бірі жол ұсыныпті.сонда ешкі мен секіріп үйрен генмін,алдымен секіріу жолы сіздікі болсын деп жол беріпті.сонда қой артына аз шегініпті де бар пәрменімен жұгіріп келіп тоғаннан секіріпті.секіргенде қойдің абыроыйн жауып жүрген доғал құйрығы көтеріліп,абыройы корініп қалса керек.оны корген ешкі бергі жағаға өтпей ішек-сілесіқанқанша күліпті.ешкінің кұлкісіне таңырқаған қой,бергі жағаға күлкі қысып азер өткен ешкіден жаңа неге кұлдің деп сұрапті.сонда ешкі сен жаңа секіргенде абыроыйң корініп қалды депті.сонда қой оған таң болатын данеңе жоққой. сенікі күнде ашық жұреді емеспе деген екен.

-------------------------------------------------------------------------
Мен келмегенде бұтыңа сиеді екенсің
Маңғыстауда кекештеніп сөйлейтін, жүрген жері анекдотқа айналған Қошанай деген жігітіміз, сонау одақ кезінде су көлігімен алыс жердегі жайлауларға барып, жылқы суарады екен. Бір күні айдалада астауға су құйып жатырса, жақын қыстақтан бір ит жүгіріп келіп, газ-51 көлігінің артқы дөңгелегіне шаптырып жатырса, Қошанай тұрып -О,о,о қ,қ,қасқа ит! мен ккк-елмегенде бұтыңа сиеді екенсің-депті
Категория: Әзіл-оспақ | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 11457 | Загрузок: 0 | Комментарии: 17 | Рейтинг: 4.2/28 |
Всего комментариев: 151 2 »
25.05.2012 Спам
15. Акжол
Бір күні әйелі күйеуіне: -Осы біздің үйде жын бар ғой деймін. Түнде дәретхананың есігін ашсам, свет жанады,жапсам, қайта өшеді десе, Әйелі : Е, сен екенсін ғой тоңазытқышқа сиіп жүрген депті

17.03.2012 Спам
14. fq;fy
соны айтши ewkandai da kizik emes

04.03.2012 Спам
13. Еркеб9лан
magan da ynadi

04.03.2012 Спам
12. Еркеб9kfy
magan da ynadi

27.02.2012 Спам
11. bauka
nu kelisem kotindi kis dep?:)

02.12.2011 Спам
10. диас
керемет ,шегім қатып күлдім керемет хахаахахахахаха кккеееееерееемет

26.10.2011 Спам
9. асылжан
ӨТЕӨТЕ КЫЗЫК

26.10.2011 Спам
8. асылжан
кошка - мысық,
Гулдана - пысык

26.01.2011 Спам
7. Аsilhan
Тамаша бул адамга керемет кулкы сыйлайдыгой Тагы болса !

24.01.2011 Спам
6. Нурсила
Өте керемет! Маған өте ұнады.Басқалардың көңілінен шығат деген ойдамын. Сіздерге рахмет!

1-10 11-15
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz