Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан Нышанәлі сәби - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан Нышанәлі сәби
[ ] 07.12.2008, 17:23
Яғни перзент дүниеге келгенде, мұрыны, еріні, құлағы жырық болып туады.
Ал сәби іштен туылғанда, бетінде, езуінде, мұрынның айналасында сүйекке тықыр болып түскен әжіммен дүниеге келсе, ол сәбиге мынадай ат қойған: Маһата, Маһанбет, Маһәже, Мақпал, Маһала, - деп. Ал осы сөздерді талдасақ Маһата – екі бетінде туылғанда әжім болса қойылады. Сәби өсе келе осы әжімдер үлкейіп, ер - азаматқа айбарлы сұс берген.
Маһанбет – деп тек қана сол жақ езуіне әжім түсіп туылған сәбиге ғана ат қойған. Бұл сәби киелі өр мінезді, өз ортасында ерекше болып өскен, ата-анасы бетінен қақпайды. Маһанбет – ашуланып айқайлағанда сол жақ езуі құлаққа жеткендей көрініс берген. Яғни халық «Көкжал – езу» деп атаса, анасын Мақпал деп атаған. Мақпал дегені сол жақ бетінің үстінде көлденең тума «әжім» болған.
Қыз баласына азан шақырып атын қойып, бірақ бетіндегі тума әжіміне байланысты тағыда лақап ат қойған. Ал ер балаға бір-ақ рет азан шақырып тума белгісіне қарап ат қойған және тура солай атап өткен.
Маһанбет - әжімді сәбидің қастары ұзын, маңдайына қарай қайырылып қалған құйрықты болған. Осындай азаматтар бидай өңді, қасық құлақты келеді.
Нышанәлі Маһа - әжімді сәбилер Маңқыстау, Орал, Саратов, Арал, Атырау, жалпы Кәсіп (Каспий) теңізінің жағалауында көп туылған.
Және сондай таңба, белгісі бар азаматтар ел аузында тарих бетінде жер атаулары көп, себебі мұндай азаматтар ғұмыр кешкен өмірден әрқашанда ұмытылмас хикмет, ілмат, мұрахат, өсиеттер қалып тұрған.
Ал туылғанда мойнында екі – үш қылы бар азаматтар Арқадан көп шыққан және ол қылды ешқашанда кеспеген. Желкемен сақал арасын қосып, бетіне лайық сақал-мұрт қойған. Сондай азаматтардың бірі Орынбасар бабам.
Егерде сәби туылғанда тек қана бетіндегі таңбаларға лайық ер бала болса - Маһата, Маһала, Маһанбет; ал қыз бала болса – Мақпал, Маһәже – деп қоймаса әжім күн өткен сайын көбейеді. Бұл туылған сәбимен бірге адамдарға Алланың түсірген белгісі. Ұлы Бабалардың ұрпақтарына насиат етіп кеткен салт-дәстүрін сақтамаған жағдайда, мұндай Нышанәлі белгілер: Елбасы мен Ел билеп отырған азаматтарға, қазақтың игі жақсыларының мойнына ауыртпалық алып келеді. Әкесі мен шешесіне ауыртпалық салмайды, себебі: Алла тағалам - беттегі әжімге, тағыда әжім қосылса, елдің ілімділігіне, танымкерлеріне білдірген ескертуі, сөз жұрнағы. Осындай адам баласына белгі беріп тұрған мезгілде, Аруахтар Алланың рахымын тілеп: малға, диханшылық қауымға, тас өңіріне өткен ғұмырдан таңба, белгі беріп фәндасының жолын тосады. Жер астындағы неше түрлі аурулар шыға бастағанда, неше түрлі фәндаларды емшілік жолға салып, ел арасында неше түрлі қауесет таратады.
Ой қорытып келгенде Қазақ елі киелі, текті деген, ұғым сөзге фәндалар мойынсұнады, - деп көрсетіпті Әлиасқар Байғұтұлы.


P.S. Текті ұлдар билікке келсе, "ит орнына - шошқа үрмейтін, бұлбұл орнына - қарға сайрамайтын заман болса, қандай керемет заман келер еді-ау ағайын".
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1327 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz