Маһанбет Ұраншының Баймағанбет сұлтанның үйіне баруы - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

Маһанбет Ұраншының Баймағанбет сұлтанның үйіне баруы
[ ] 07.12.2008, 17:24
Бәле тілеген қатын қонақ келгенде ауырып қалады
Бата тілеген қатын қонақ келгенде төсенішін жайып дастархан салады.
(Абылай Хан)

Шаңырақта қызметшілер қарсы алып, ал Баймағанбет сұлтан үйінде болмай, төрде төрт қабат көрпенің үстінде оранып қызара бөртіп бәйбішесі жатыр екен.
Бәйбіше «сегіз көзім қақсап барады» - деп жатқан орнынан тұрмапты. Қызметшілері қымыз – қымыран алып келіп Ұраншыға бәйек болып қызмет көрсетеді.
Дастархан жиналып Ұраншы дәмге ырзалығын білдіріп, ас қайырып бата береді. Маһанбет орнынан тұрғанда төрде жатқан бәйбіше:
- Уа азулы қайным, айыпқа бұйырма! Ұзай шығып жолыққандарға мен туралы не? – деп айтар едің, - деп қуланыпты.
Ұраншы қапсағай сіңірлі денесін оң қапталына бұрып, оқты көзін қадап былай депті:
- Төрт қабат көрпеге оранып,
Төрде жатқан жеңгемді көрдім.
Бас иесі жоқ кезде
Ас иесі домалап жатып,
Қонағының жегенін көрдім.
Жақсы жеңгей оранып жатса ұл туар!
Жаман жеңгей оранып жатса
Азғын болар құл туар!
Енді бұл үйді желкем көрсін – деп шығып кетеді. Қайран Маһанбет, содан сол Баймағанбет ағасының үйіне бас сұқпай кеткен екен.
Баймағанбет сұлтан, інісі Маһанбеттің жеңгесіне айтқанын ел аузынан бір жыл өткенде естіп, бәйбішесінің орын-төсегін жинап төркініне апарып тастаған екен.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1715 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 2
03.05.2009 Спам
2. moka
kerek

03.05.2009 Спам
1. moka
rahmet, Nurdaulet!!! Kazaktyn sheshendik sozderi

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz