Тарих бетінен орын алмаған Маһанбет Ұраншының кейбір жыр шумақтары. - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

Тарих бетінен орын алмаған Маһанбет Ұраншының кейбір жыр шумақтары.
[ ] 07.12.2008, 17:25
Маһанбеттің бұл жыр шумақтарынан, Батырдың ойшыл, данышпан екенін айқын көреміз. Ал кеңес өкіметі болса, халқымыздың тарихын бұрмалап, өскелең ұрпақты өткенінен жаңылдыру үшін, ақынның өлеңдерін өзгертіп, өңдеп, өз саясатына лайықтап, таптық негізде езуші - езілуші тап арасындағы қайшылықтар ретінде оның тек үстем тап өкілдеріне қарсы күресуші ақын, әрі Исатайдың серігі, - деп қана көрсетуге тырысқан. Жырларды ары қарай оқи отырып, Маһанбеттің елдің азаттығы үші алысқан күресі, халықтың тәуелсіздігін жеке мүддеге бағындырған, күшті көршіден әскери көмек алып, жеке билігін сақтап қалуға тырысқан Жәңгір Ханды дұрыс жолға бағыттамақ болған сұлтандар мен халық батырларының бейбіт жолмен жүзеге асырмақ болған әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырап, қаза тапқанынан кейін бастау алады. Маһанбет Ұлт – Азаттық күрестің Еліміздің Батыс өлкесіндегі Жәңгір мен оның одақтасы, қазақ жерін отарлауды бастап жіберген патшалық Ресей империясына қарсы бағытталған шын мәніндегі халықтың Азаттық үшін күресінің басты Ұраншысы – идеологына айналғанын көруге болады.
- Уа тектілер, тектілер
Киелі «Бикун» Қазығұрт
Қырық «Дәліз» Сайрам шар
Сеңгір – сеңгір «Сүн» едің
Үркер шашырап толғанда
Ілім шашқан «Нұр» едің
- деп толғауы Батырдың кемеңгер ақылдың данышпаны екенін айқындай түседі. Бейкүна – сөзінің түбі «Бикун». Дарбаза, Қақпа сөзінің түбі – «Дәліз» ұғымынан тарайды. Және «Дәліз» сөзі шымды топырақпен илеп салынған қала деген ұғымды да білдірген, әрі бұл қала Сайрамға да, қасиетті «Қазығұртқа» да баратын қақпаның бірі болған. «Дәліз» Шымкенттің ескі замандағы аты.
Ықылым замандарда Қырық Қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһанның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз Ұлы Бабаларымызға мекен болған қала. Сансыз Бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан келген дін таратушы бабтар деп, өзгертіп жіберген.
Сайрам шаһарын бір шетінен екінші басына шығу үшін, аттылы кісі бір күн жоғалтқан. Оның бір қақпасының аты «Сеңгүр» - топан су қаптап келгенде «Мұзтаулардың» ерігенін және Қазығұртқа Үркер жұлдызы жақын келіп, жер бетінің қатты ысығанын, өмірдің екінші кезеңін айтады. «Сүн» - «Сүндет», «Сунат», «Салт» - салт – рәсімінің өрбіген дәуірі Қазығұрттың түбі Сайрам шаһарында алғаш шипа алғанын баяндайды. Одан әрі «Белсіздік жұтынан» соң салт-дәстүрді, рәсімдерді одан ары қатаң сақтау туралы, Бабалар «Насиятын» «Ілім шашқан «Нұр» едің – деп, ұзақ бір дәуірді жыр шумағының бір жолына сидырып жібереді.
Тектілер, яғни Ұлы Бабалар Ұлы Табиғат пен Ұлы Даламен үйлесімді өмір сүру кепілдігі, Жасаған Алланың адам баласының игілігі үшін түсірген қатаң сақталуға тиісті заңдылықтарды, яғни салт-дәстүрлер мен рәсімдерді, әдет-ғұрыптарды өте берік сақтаған. Осы сара жолдан ауытқығандар тексіздер аталған.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1710 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz