МЕНІҢ АТЫМ АСАУБАЙ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

МЕНІҢ АТЫМ АСАУБАЙ
[ ] 07.12.2008, 17:28
Бір жылдарда қыс қатты, жер мұз болып, мал жұтайтын болған соң орта жүз елі ішінде Зәңгір төренің баласы Омар төре бар жылқыларын “Обаған-тімжүр” деген жерге айдайды.
Қанжығадан Дауытқұл - Сейітқұл деген жігіттер Асаубайды ертіп олар да сол жерге жүреді. Жолда Обаған өзенінен Қожық деген әр өткен жылқыдан бір бие, бір ат алып, өткелден өткізеді екен. “Барып біліңіз” деп Омар төре Асаубайды жұмсайды. Сонда Асаубай айтады:
- Е, елде жүргенде екі көзің ежірейіп, екі құлағың қамыстай боп, екі езуің талыстай боп, сөзің ұртыңа сыймай, енің бұтыңа сыймай, маған жол бермеуші едің ғой өзің бар, - депті. Омар төре: “Сіз барып жолығыңыз”, деп сұраған соң ақыры барыпты. Асаубай барса, Обаған өзенінің басында, Жардың астында, екі үйде көп адам жиналып отыр екен. Бәрі де мал айдағандар, одан-бұдан мал алып қалмақшы екен. Омардың да он жылқысын айдатып алыпты. Сонда Асаубай тұрып:
Ассалаумағалейкүм Алдияр төре,
Зәңгірханның баласы Омар тұр.
Жер дүниені қара жердей обар тұр
Жалбарынбақ бізден емес,
Жарылқамақ сізден емес пе?
Тілемек бізден емес пе,
Тілек бермек сізден емес пе?
Өрттің орнында бір топ көде қалатын
Сіз жұртқа келген сілем емес пе...
Уа, неғып жатырсың Қожақ,
Жатқаныңнан тұрмайсың аяғын созып,
Үнемі атың бәйгеден келе бермес озып,
Тоқтауына кездессең бір-ақ күнде
Кетерсің тозып
Атам батыр Тұрсынбай,
Ешкімге кеткен бойсынбай.
Уа, менің атым Асаубай,
Жақсы-жақсы сөзім бар,
Жиып алса, жүк қып жиған жасаудай.
Өткір-өткір сөзім бар,
Көк тасқа салған қашаудай .
Он жылқымды алдырып,
Қорықпайсың ба құдайдан? – депті.
Сонда Қожық Омардың он жылқысына бір жылқы қосып он бір жылқы ғып малын қайырған екен.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1298 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz