ШАҚШАМ ШАҚША-АҚ ЕДІ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ШАҚШАМ ШАҚША-АҚ ЕДІ
[ ] 07.12.2008, 17:29
Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқанды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл “шақша даулай келдің бе?”- деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: “Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?”- дейді. Сонда Әлдеке шебер:

Шақшам шақша-ақ еді,
Шақша да болса жақсы-ақ еді,
Кер бұғының мүйізі – нақысы еді,
Бір қысырақ істеген ақысы еді.
Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді,
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі
Бар еді, - деген екен.

Хан: “Шақшасын қайырып бер, қайырмасаң қалағанын бер”, - деп кесім айтыпты.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1339 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
25.04.2014 Спам
1. Richy
Knocked my socks off with knolgedwe!

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz