ОРАЛ ТАУДЫҢ ОР ТҮЛКІСІ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ОРАЛ ТАУДЫҢ ОР ТҮЛКІСІ
[ ] 07.12.2008, 17:57
Қаздауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Соны Абылай біліпті. “Мені басынғаны ғой”, - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап: “... Тоғыз айыппен жолыңызды алып кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой”, - дейді.
Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер: “Бұл сізге қыр көрсеткені деп біліңіз, мұны басуыңыз керек”, - деп шағыстырып отырған соң: “Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтімей ашуды баса алмаймын”, - дейді Абылай.
“Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын”, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан тақтырып ала жөнеледі. Сол күні түстікке бір көгал жерге келіп қонған соң, Абылай: “Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар”, - деген соң: “Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар” дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? – дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді,- дейді Абылай. Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, әлден уақытта қайта шауып келіп, әлгідей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі
Айнала қуса ит жетпес.
Орал таудың ақ иығы,
Ақ иық келсе, тек кетпес,
Сондадағы мерт етпес! –

Деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
Мына мен “Бекболат, сен бір төбе, басқалар бір төбе еді” дегенге намыстанғандай болдыңдар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсаңдар? Жаңа ол не айтып кетті? – депті қасындағы билеріне.
Сол арасын аңғара алмай отырмыз? – деген соң, Абылай:
Білмесеңдер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті.- “Орал таудың түлкісі” деп ол өзін айтты. “Айнала құса ит жетпес” деп сендерді айтты. “Орал таудың ақ иығы” деп мені айтты. “Ақ иық келсе тек кетпес” деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың дегені. “Сондағы мерт етпес” дегені ханнан халық күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылына салып, інімді жібер, жәбірің болса, айып алып бітерсің дегені” депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. “Көп қорқытады, терең батырады” деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаймығып қайтып кетіпті.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 1587 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz