ҚАЗЫБЕКТІҢ АТ ДАУЫН ШЕШУІ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ҚАЗЫБЕКТІҢ АТ ДАУЫН ШЕШУІ
[ ] 07.12.2008, 17:58
Бір үлкен ас болып, сол аста бәйгіге шапқан қаншама аттың алдынан бір қара жал құла жеке-дара озып келіпті. Асқа жиналған топтың ішінен бір адам:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, - деп аттың шылбырына жармасады. Атты қосып отырған иесі:
- Жоқ бұл мүлдем жала, өзімнің кер биемнен туған қол тума малым,- дейді. Көпшілік екі жағына да “сенікі жөн” деп айта алмай содан барып Қазыбектің туған әкесі Келдібек биге жүгініске келеді. Бірақ екі даугердің сөзін тыңдаған Келдібек “ат сенікі” деп кесіп айта алмай, дағдырып отырып қалады.
Екі даугердің айтқан дәлеліне құлақ түре жүріп, оған билік айта алмай дағдарған әкесін байқап, жеті жасар Қазыбек:
- Сен қалай танығыш болып алдың? – деп даугерлердің біріне сұрақ қояды.
- Мен енін көрсем, одан туған төлін, төлін көрсем енесін жаза баспай танимын, деп жауап береді, атынтай күнінде жоғалтқан адам. Сонда Қазыбек атты бәйгіге қосқан адамға:
- Кәні, сіз қалай мал танығышсыз?- дейді.
- Мен, енесін бір көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін сол биеден туғанын бұлжытпай танимын, - дейді. Сонда Қазыбек тұрып:
- Жарайды. Енді екуің бар да, анау жүрген қозыдан екі қозы ұстап әкеліңдер, дейді. Олар барып алып келгенде:
- Қозыны көгендеп қойыңыздар да, өрістегі қойдан өзді-өзің әкелген қозының енесін алып келіңдер, - дейді.
Екі даугер өрістегі қойдан екі саулықты алып келіп қозыларды бауырына салғанда, ат қосқан адам әкелген саулық қозыдан жериді, қозы да жатсынып саулыққа жуымайды. Ал тай күнінде жоғалттым деген адам саулыққа қозысын салғанда енесі еміреніп тұра қалады. Қозы бауырына кіріп еме береді.
Қазыбек көпшілікке қарап:
- Кәне, халайық, бұған сіздер не айтасыздар?- дегенде, көпшілік бір ауыздан “Ат тай күнінде жоғалтқан адамдікі” екен деседі.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 6315 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.8/27 |
Всего комментариев: 1
22.09.2011 Спам
1. nurlan
7391564

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz