ЖАСТЫҢ ЖАЙСАНЫ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ЖАСТЫҢ ЖАЙСАНЫ
[ ] 07.12.2008, 17:59
Кіші жүз Жарасбай елі Қыпшақ Хангелді батырды өлтіріп, артынан құн даулап неше рет барса да теңдік бермепті. Ол кезде Бала бидің шын аты Ыбырай екен. Қыпшақ елі барамыз деп тағы да жиналғанда Ыбырай тілек қылып бірге кетеді. Жарасбай елінің Ысмайыл деген егде тартқан қарт биі жұртты сөзден тосып, теңдік бермей жүреді. Ел тағы да сол Ысмайыл деген егде тартқан қарт биі жұртты сөзден тосып, теңдік бермей жүреді. Ел тағы да сол Ысмайылды алдыртыпты. Бас қосқан кезде екі жағынан да үш адамнан шығыпты. Қыпшақ жағынан үштің бірі болып бала Ыбырай шығады. Баланы көріп қарт би былай дейді.
“Баланы мұнда неге әкелдіңдер? Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, үлгілі би, үнемді жүйрік түсетін, ердің арысы, елдің намысы сөз болатын жер емес пе” Түйенің тайлағы, баланың ойнағы ма бұл?!”- дейді.
Сонда Балаби былай деп жауап қайырған екен:
- Үш жүздің баласы бас қосқанда Орманбет би: “Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды, кәрінің сайтаны даулайды”, - деген екен. Қартайғанша дауға араласатын нең бар? – депті.
Қарт сөзден тосылып, құн берген екен. Ыбырай содан былай Балаби атанып кетіпті.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 3656 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/7 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz