ЕЛ НАМЫСЫ - ЕР НАМЫСЫ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ЕЛ НАМЫСЫ - ЕР НАМЫСЫ
[ ] 07.12.2008, 18:00
Орта жүзден Ұлы жүзге мал алып қайтуға барымташы барып, түн жамыла жылқы үйіріне килігеді. Осы сайыста орта жүздің бір адамына найза қадалады. Жаралы адам жолшыбай өліп, сүйегін елге әкеліп қойған соң Орта жүз Ұлы жүзден құн сұрайды. Ұлы жүз оған көнбейді. “Орта жүздің өлген адамына құн төлей берсек, маламыз жете ме және біздің кісіміз іздеп барып өлтірген жоқ”, - деп бет бақтырмайды. Орта жүздің адамдары “Үш жүзге билік айтқан ағаның баласы ғой”, - деп Төле биге жүгінуге келеді. Даугерлердің арасынан жоғары отырған біреуі дауының жөнін айтады. Тыңдап болып, Төле оң қолын созады. – Бұл қалай, - деп екінші талапкер сөйлейді. Төле сол қолын созады.
- Апырмай, мына кісі сөзін жеткізіп айта алмады ма? – деп үшінші кісі сөйлейді. Мұны тыңдап болып Төле үстіңгі ернін шығарады. “Бұған да жауап бермеді” деп төртінші біреу сөйлейді. Мұны да тыңдап болған соң, Төле астыңғы ернін шығарады. Даугерлердің бар сөз білемін деген төртеуі жауап алмаған соң, елге қайтады.
Билер келгеннен кейін жұрт жиылып, Төленің жауабын сұрайды. Билер “паң адам екен, басын да көтермейді” дейді. Жиналған жұрт:
- Апырай, бұл қалай, үш жүзге билік айтқан адам еді ғой, бір ауыз жауап бермегені ме? Өздерің не айтып едіңдер? – деп сұрайды. Билер әңгіменің қалай өткенін түгел баяндап айтып береді. Сол кезде көптің арасынан ұзын бойлы, қара торы, қыр мұрынды, зор кеуделі бір жігіт кербез сөйлейді:
- Жоқ, Төле би жауап бермеймін демепті. Бұдан басқа менімен сөйлесуге жарарлық адамың бар болса, сөйлеп көр деген екен. Ана ишарасы – бұрыңғы сөйлесушілерге берген сыны. Ілегері екі би сөйлегенде, екі қолын созғаны – сендер ұзын сойыл, ұрда жық, қара барымтаның адамысыңдар, сөз сөйлеп құн аларлық адам екен. Кейінгі екі адам сөйлегенде екі ернін шығарғаны – сендер ағайында шағыстырып, өсек айтып, ат мініп, ас ішерлік қана адамсыңдар. Мұнан басқа жөн білетінің бар болса, сөйле дегені екен. Бұлардан басқа жібі түзу сөйлеуші болмаған соң, бітімді далаға берсін бе?...
Бұл сөйлеген кәдімгі Едіге батыр екен. Сол жерде отырған жұрт: - Төленің жатып айтқан жұмбақ ишарасын, мұнда отырып шешуге жараған сен алдына барып сөйлесіп, сөз алуға да жарайсың. “Ел намысы - ер намысы” деп Төлемен сөйлесуге Едігені аттандырады. Едіге үлкен билік сөз сөйлеп, Төле лайықты сый көрсетіп, бітім жасап қайтады.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 8094 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.9/14 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz