ТӨРТ ТЕНТЕК - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ТӨРТ ТЕНТЕК
[ ] 07.12.2008, 18:00
Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып еру ауылдың жанында асық ойнап жатқан бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі. Байтал одан бетер тулап байды жығып кетеді, бай қаза табады. Сонан кейін байдың тумалары және елінің игі жақсылары жиналып келіп балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес бірнеше күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен, жиналған көпке Мөңке бала былай депті: “Иә, ағалар-билер, сіздер бұл кеңесті тым ұзаққа создыңыздар ғой және бір шешімге келе алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңіздер мен тез бітірер едім”, - депті. Көпшілік баланың ықыласына риза болып бір ауыздан: “Билікті бердік”, ал айта ғой, - десіпті. Сонда Мөңке бала былай депті: “Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес, тентек. Ал мұнда тентек төртеу. Меніңше сол төрт тентек құнды бөліп төлейтін болсын және ердің құны жүз жылқы болсын”, - депті. Сонда Мөңке бала: “Бірінші, мың жылқыдан бір жуас ат таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам құрығандай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай тентек; екінші, адам көрмей жүргендей, баладан үркіп тулап байды жығып өлтірген байтал тентек; үшінші, ұшып түскен бөрік тентек; төртінші байталды үркіткен бала тентек. Мінеки, осы төртеу құнды бөліп төлейтін болсын”, - депті. Осы билікке екі жағы да разы болып, балалардың ауылы құнның төрт бөлегінің бірі – жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңке баланың би болуына осы билік басты себеп болыпты.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 4309 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 4.0/4 |
Всего комментариев: 5
31.10.2012 Спам
5. Зарина
оте нашар

29.03.2012 Спам
4. Айбар
ҚОЙ ЖАҚСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

16.11.2011 Спам
3. С
Ммм мен Айман, казакша сауаттарын болмаса жагымсыз комментарий жазбандар, егер бастарында кишкене ми болса

14.02.2011 Спам
2. ммм
дядя вы про чооо???? что за х***

24.11.2010 Спам
1. айман
оте нашар сайт ештенне жок

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz