ӘДІЛ ТӨРЕЛІК - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ӘДІЛ ТӨРЕЛІК
[ ] 07.12.2008, 18:01
Ертеде бір бай адам болыпты, бай екі әйел алады. Ол кезде ел әйелін көпке көрсетпейді екен. Бәйбішеден бала болмай, тоқалдан туған бір баланы бәйбіше бауырына салып тәрбиелейді. Сол уақыттың салты бойынша бала туған шешесін танымай, бәйбішені “анам” деп өседі.
Бір кезде елге жау тиіп, мал-мүлкін шауып алып, ұлын құл етіп, қызын күң етіп басқа елге көшіріп алып, ұлын құл етіп, қызын қүң етіп басқа елге көшіріп алып кетеді. Барған жерде балалы әйелге жеңілдік болады. Екі әйел айырылысып балаға таласады. Осы дау қазының алдына түседі. Қазы даугерлерден сұраса, екеуі де “өзім таптым” деп жамандасады. Қазы төрелік – билік айтайын десе, анығына жете алмайды. Содан кейін бір білгіш қазыға:
Оған несіне бөгеліп ойланып отырсыз, екі әйел баланы бібіріне қимаса, онда баланы қақ жарып екеуіне бөліп беріңіз, екеуі де разы болсын, - депті. Қазы “бұда дұрыс екен” депті де “ертең келіңіздер, билік құрам, үкім етем” депті.
Ертеңіне келіп, жұрт жиналған соң, қазы үкімін айтыпты. “Үкім баланы қақ жарып екеуіңе бөліп беру, осыған разысыздар ма?” – депті. Сонда бәйбіше:
- Бала өзімнің тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібіткен балам еді, түн ұйқымды төрт бөліп тәрбиелеп, асырап едім. Өтірікші жалақор қатынға кеткенше, көз алдымда өлсін, өзіме тиісті денесін қолыма беріңіз. Қолымнан арулап қояйын, артынан дұғасын оқытып, батасын қалдырып отырайын, менің тілегім осы, - депті.
Екінші әйел, о да алдымен ананың айтқанын айтып зарлап жылап жіберіпті де:
- Шіркін, құлынымды өлімге қимаймын. Алты қырдың ар жағында жүрсе де аман жүрсін, өлтірмей оны өтірікші әйелге беріңіз, мен баламның тірлігін тілеймін. Бірақ осы үкіміңізді ұмытпастай қылып балама ескертіңіз! – депті. Қазы билік шығарылар алдында, “осы бала кімдікі” деп кеңескенде, биліктің құрамында” отырған адамдар:
- Бала тоқал – мына соңғы әйелдікі: Ана әйел баланы жақсы көргендігінен басқаға қимай отыр. Не болса да, шын анасы баласын өлімге қимайды. Бала соңғы әйелдікі депті. Қазы солай үкім шығарыпты.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 4799 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/12 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz