ҚАЗЫБЕКТІҢ ТӨЛЕ МЕН МӘЛІСЕГЕ АЙТҚАН - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ҚАЗЫБЕКТІҢ ТӨЛЕ МЕН МӘЛІСЕГЕ АЙТҚАН
[ ] 07.12.2008, 18:03
Баяғы бір заманда жоғарғы ел мен төменгі елде құрғақшылық болып, ұлы жүз жылысып жоғарыға көшіп, үш жүздің баласы орта жүздің жерін жайлаған екен. Келер жылы жұт біткен соң, ұлы жүз көшіп өз жеріне, кіші жүз көшіп өз жеріне кетеді. Бірақ кіші жүздің бір жігіті ұлы жүздің бір келіншегін жолсыз алып қалады. Ұлы жүз көшіп қонысына барған соң, үйсін Төле би елден:
- Мал, бастарың аман ба? – деп сұрайды. Сонда ұлы жүздің игі жақсылары:
- Қария, мал-бас аман, ел түгел қонысына келді. Жалғыз-ақ ұлы жүздің бір әйелін кіші жүз тартып алып қалды, - дейді.
Сол үшін кіші жүзден 200 жылқы барымта алады. Кіші жүз де қарап қалмайды. Күзге қарай үш жүз жігіт аттандырып, ұлы жүзден 500 жылқы қудырып алады. Сөйтіп, бір әйелдің дауынан ел бірліктен ажырап, екі ел зор бүліншілікке ұшырайды. Осы жанжал келер жылы үш жүздің бас қосқан үлкен сарабына түседі. Дауды орта жүз Қаздауысты Қазыбек, ұлы жүз үйсін Төле, кіші жүз Мәлсе би басқарыпты. Сонда Төле тұрып:
Мен ағаның баласымын, билікті мен айтамын, - дейді. Кіші жүз Мелсе тұрып:
Жоқ, мен атаның қара шаңырағында қалғанмын, жасым кіші болғанмен жолым үлкен. Билік жөні менікі – дейді. Қаздауысты отырып күледі.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұрадеп еді, Қазыбек, неге күлдіңіз? – дейді, Төле мен Мәлсе.
Сендер атадан туысыңды білесіңдер де оның өсиетін білмейді екенсіңдер, - дейді Қазыбек. – Аталарың “Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді қамшы беріп дауға қой дегені қайда? Жығылсам, сүрінсем сүйер алдымда ағам, артымда інім бар, билік жөні менікі емес пе?” – дейді Қазыбек.
Бұл сөзге екі жағы да тоқтап, билікті Қазыбекке береді. Сонда Қаздауысты Қазыбек:
Уа, үйсін Төле! Сен атадан үлкен туғансың, ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуасын? Уа, жарқыным, Мәлсе! Сен атаңның қара шаңырағында қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен, Мәлсе, жесірді қайтар, сен Төле, жылқыны қайтар, - деп төрелік айтады. Екі жағы да осыған тоқтап, екі ел жылап табысқан екен дейді.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 7220 | Загрузок: 0 | Комментарии: 11 | Рейтинг: 4.3/25 |
Всего комментариев: 9
05.12.2011 Спам
9. жакия
өте жаман екен маган унамад баскасы жокпане ((((

16.11.2011 Спам
8. gulya
кушти екен коп комеги тиеди деп оилаимын

28.10.2011 Спам
7. аймусин
төле бидің төрелігін тауып беріңдерші

27.10.2011 Спам
6. dinara
Маған бұл мәліметтің көп көмегі тиді. Көп көп рахмет!

19.10.2011 Спам
5. Амантурлы
Өте жақсы жазылған мәлімет екен

24.11.2010 Спам
4. айман
норм

30.09.2010 Спам
3. asekina@mail.ru
кытайша иероглифтар мын есе курдели, сонда да букил сайттан дурыс ап-анык жазылады, биз жай ариптерди шыгара алмаймыз ба?

30.09.2010 Спам
2. asekina@mail.ru
Кайырлы кун!
Казакша шифр тортбурышб олып шыгады, неге осы маселени шешпейсиздер?

05.05.2010 Спам
1. Gulbakit
Өте жақсы жазылған сіздерге көп-көп рахмет

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz