САРЫ ТАБАҚТАН САРҚЫТ ҚАЙТАР - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

САРЫ ТАБАҚТАН САРҚЫТ ҚАЙТАР
[ ] 07.12.2008, 18:04
Шу өзенінің жайылымына Арғын мен Үйсін рулары таласып, дауға Арғын жағынан Тобықты Құнанбай, Үйсін жағынан ысты Бақтыбайдың баласы он төрт жасар Сары Әжібек шығады. Баланы көргенде, сөйлесуге менсінбей Құнанбай: “Ата тұрып бала сөйлегеннен без, байы тұрып қатыны сөйлегеннен без”, - деуші еді. Қарсы отырған мына бір бейәдеп балаң кім? – дейді.
Сонда Сары Әжібек шешен былай депті:

Мен Ұлы жүздің белгілі Сарысымын,
Бақтабайдың маңдайындағы дәрісімін.
Маңдайымның бағы бар,
Таңдайымның дағы бар.

- Ал, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз бе? Не Арғын емес, не Найман емес, ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар, оң көзіңнің ағы бар сен дуанбасы болып билік айтқанда, менің Үйсіннің сөзін айтпайтын не кемдігім бар?
Құнанбай сөзден тосылып: “Қой асығы қолыңа жақсы сақа тұт, бала да болса ақылы асса аға тұт”, - деуші еді, бала сөзіне қандым, енді ағалық билігіңді айт!”
- Сары табақтан сарқыт қайтар. Билігін маған берсең, бәрін бауырыма тартпайын. Шу өзенінің сол жағын Үйсін, оң жағасын Арғын жайласын, - деп төрелік айтыпты Әжібек.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 3765 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/6 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz