ҚҰЛДЫҚ ШЕШЕН - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

ҚҰЛДЫҚ ШЕШЕН
[ ] 07.12.2008, 18:05
Өткен заманда Көкпек Уатай деген би болыпты, өзі тентек кісі екен. Уатайдың қарауындағы елдің мекені Жалаңаш, Сарыкөл, Қойбаған және Құти деген жерлер болады. Елдің көпшілігі ол кезде көшіп жүретін болса керек. Әсіресе Төреқарада Бақшақ деген ел тегіс көшпелі екен, жаз қырды жайлап, қыс Қызыл Құмға көшеді екен. Ішке көшкенде жаңағы Қойбаған, Құти, Жалаңаш, Сарыкөл жүретін жолы екен, қонайын десе Уатай жер-суды қориды, шөбіне түссе, малын ұстайды, сұрай барса адамдарын ұрып-соғады, зәбірлейді екен. Қонбай кетейін десе жер тым кереғар, малы шөлдейді, адамдары шаршайды. Көп уақыт сүйтіп бақшақтар қиыншылықтарға ұшырайды. Сол кезде Бақшақта Құлдық деген шешен болыпты. Бір жылы күзді күні көшті Құлдық шешен болыпты өзі бастап Сарыкөлдің басына әдейі келіп қоныпты. Қонған елді көріп Уатай атына міне шауыпты. Жанына бес-алты жігітті ертіп алып, жылқысын қуып, адамын ұрып келейік, - деп аттаныпты.Бұлардың келе жатқанын көріп, құлдық шешен алдарынан шығып Уатайға сәлем беріпті. Уатай сәлемін ернінің ұшымен алып: “Бұл жерге саған кім қон деді?” – депті. Құлдық: “Ақылым қон деді”, - депті. Уатай: “Ақыл қалай қон деді?” – депті, “Ақылым ақпан соқса өлмейсін, тоқпан соқса өлмейсін, Уатай бір соққанда қата қаласын ба? Сен бір қонғанда, Сарыкөлдің суы орталанар деймісің, Көсіктінің оты ортаналар деймісің, қон-қон деді” – депті Құлдық. Сонда Уатай мақтанып кетіп: “Ой, тілі кесілгір, қона ғой ! Сенің азғана малыңа су да тартылмас, шалғын да жапырылмас, бес-алты күн ерулеп көшерсін”, - депті де кейін қайтып кетіпті.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 7362 | Загрузок: 0 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 4.3/19 |
Всего комментариев: 9
19.11.2013 Спам
9. мейрбек
норма әдебиетке керек еді кстати я через маму защол сейчас печатать буду

27.02.2012 Спам
8. моди
mne ne nravitsya

16.11.2011 Спам
7. Айка
қазір осылай дөп тауып сөйлейтін шешендер бар ма екен?

24.10.2011 Спам
6. Жасулан
жақсы екен

20.09.2011 Спам
5. Боранбек
Жақсы осындай шешендік сөздер көп болу керек, өйткені қазақ сөзге тұрзан халық.

24.11.2010 Спам
4. айман
ахахахаха

19.10.2010 Спам
3. Temirlan Sergey (Fiddy)
smile

27.09.2010 Спам
2. шешен
xaxaxaxa деп кулме!

04.09.2009 Спам
1. Нурым
Хахаха деп кулипти

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz