Қазақы қалжың - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

Қазақы қалжың
[ ] 02.12.2008, 21:38
Жiбек Әмiрханова сөзге ұста, қазақы қалжыңның да майын тамызатын, өткiр тiлдi ұлтымыздың мақтан тұтар қыздарының бiрi. Ол комсомолдың Орталық Комитетiнiң хатшысы, Алматы облысы Әкiмiнiң орынбасары болып жүрген кезiнде де бiр қалыпты мiнезiмен, ойлы ұсыныстарымен көзге түскен санаулы саясаткер қыздарымыздың көшiн бастаған тұлға. Әсiресе, «Қымызмұрындық» рәсiмi мен «Мың бала» қозғалыстары Жiбек Әмiрханованың өзiне тән қолтаңбасын айғақтаған.

Алматыда әртүрлi деңгейдегi қабылдаулар, тұсаукесерлер, шәй iшулер болып жататын. Әсте, осындай кездесулерде Жiбек Әмiрханқызы жазушылармен, журналистермен жүздеспей кетпейдi. Шерағаң да сұлу мұртының аржағынан өзiне ғана жарасатын әдемi жымиысымен қалжың сөзбен қағысып қалады. Әсiресе, Шерағаң мойны жiңiшке бокалға суды құйып алып, Жiбек қасына келгенде:

— Кәне жiгiттер, бокалдарыңның мықынынан ұстап Жiбекпен соғыстырып iшелiк, — деп хрусталь бокалын сыңғыр еткiзiп түйiстiредi. Осы көрiнiс екi-үш мәрте қайталанды. Тағы бiр кездесуде Шерағаң әлгi қалжыңын тағы айтты. Бұл жолы Жiбек үнсiз қала алмады.

— Шераға, қолыңыз не мықыннан жоғары шықпады, не мықыннан төмен түспедi ғой, — деп күлiп жiбердi.

Шерағаң осыдан кейiн Жiбекпен қалжыңдасуды күрт қойып кеттi.


Естелiктер Уәлихан Қалижанның «Сыр сандықты ашып қара...» атты өмiрбаяндық эсселерiнен алынды.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 2694 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz