СЫРЫМ - Шешендік сөздер - Шешендік сөздер - Файлдар каталогы - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Категории каталога
Шешендік сөздер [29]
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » Файлы » Шешендік сөздер » Шешендік сөздер

СЫРЫМ
[ ] 07.12.2008, 12:05
СЫРЫМ
Шекті, оның ішінде жекей тайпасының белгілі ақсақалы Байдос деген кісінің асында хан тұқымына наразы болып жүрген ел Байұлының атақты биі Сырымды хан сайламақшы болады. Жұрт Сырымды ақ киізге отырғызып, әр рудың ақсақал билері киіздің шетінен ұстап көтерейін дегенде Сырым: *Тоқтай тұрыңдар! Осы Байдостың баласы кім?* - дейді. *Өтеғұл* дейді жұрт.
- Ол қайда?
- Ана жақта қонақтарын жайлап жүр.
- Ендеше шақырыңдар. Ол да мына киіздің бір шетін ұстасын.
Бір кезде Өтеғұл да жетеді. Бірақ кейпінде жайдарлылық емес, жабырқау, кейістік басым күйде *Қонақтан қолым тимей жатқанданеге шақырдыңдар?*- дейді. Халықтың қалауын естігенде ол:*Нұралыдай жездемді, Аппақ ханымдай апамды Уфаға айдатып жіберіп, қарадан хан сайлағандарңа қосылмаймын, білгендеріңнен қалмаңдар* деп жөніне жортып кете барады.
Тұрған жұрт осы сәтте:*Мына ақымақ не деп кетті, шақырыңдар өзін*- деп дабырласып жатқанда, Сырым:* Тимеңдер! Елде ауыз бірлік жоқ екен, бүгін сендер мені хан сайлағандарыңмен, анау сияқты бір тентектерің ертең-ақ менің де басымды аларына күмән жоқ*, - деп киізден түседі де жүре береді.
Категория: Шешендік сөздер | Добавил: nurdaulet
Просмотров: 4215 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.6/7 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz