Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір - 26 Ноября 2008 - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » 2008 » Ноябрь » 26 » Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір
Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір
06:54

1.
Джентельмен ешқашан ақ нәски кимейді.
Ресей буржуазиясында кең таралған бұл қауесет Лондоннан шыққан. Ол жақтағы ерлерге арналған дүкендерде ақ нәскилерге қарағанда сары, қызғылт, көкшіл түсті нәскилер көбірек кездесетінге ұқсайды.

2. Джентельмен болып туылады.
Өзін джентельмен санайтын ер жігіт көбінесе өзін аристократтармен салыстырады (әлбетте аристократтардың ішінде де джентельмендер аз емес). Алайда джентельмен сөзінің түпкі мағынасы “gentle” – “жұмсақ” сөзінен шыққан.
Gentlemen – шыдамдылыққа, әділеттікке, адалдыққа тәрбиеленген адам. Оны солай ата-анасы тәрбиелеуі мүмкін немесе өзін-өзі солай тәрбиелеп алуы да ғажап емес. Ол жақсылық жасауда таянбайды және оны міндетсімейді. Өмірді барынша көркемдетуге барын салады.

3. Англия – джентельмендер мемлекеті.
Статистикаға қарасақ Ұлыбритания қауымының 55 пайызын әйелдер құрайды екен. Соған қарағанда Англия – ханымдар мемлекеті.

4. Джентельмен тағамнан жосықшыл болады.
Бұл миф Британ консулынан виза ала алмаған джентельмендерден туындаса керек. Әлемге джентельмендер сыйлаған ең күрделі дәмхана азығы - shepherd’s pie (“бақташы бәліші” қамырдағы бұқтырма) мен fish and chips – қуырылған картоппен балық. Алайда Лондондағы ең жақсы ресторандарға жарты жыл бұрын жазылады екен. Және бұл жерлердегі аспазшылар тек ағылшындар көрінеді.

 5. Джентельмен классикалық костюмдерде талғампаз келеді.
Бұл да жаңсақ пікір. Классикалық костюм – галстук, көйлек, нәски мен бәтіңкені үйлестіре киюге арналып шығарылған. Бұдан джентельмендер бәрі бірдей көрініп, оларды бір-бірінен тек ақылдары мен шешендігі ғана айырып тұратын.

 6. Джентельмен көп оқыған.
Джентельмен көп оқыған болуы мүмкін. Сонымен қатар ол көп көрген де болуы мүмкін. Немесе көп үйренген, көп тыңдаған, көпті түсінген және өте сезімтал да болуы мүмкін. Алайда, өмірдің мән мағынасын түсінуге бір ғана жол бар деп білмейді.
 7. Джентельмен кетерінде қоштаспайды.
Егер ол кештің соңында өзі жалғыз қалса, әрине. Егер ағылшындарға келетін болсақ, олардың қоштасқаны 4 минуттай уақыт алады. Бұл уақытта ол 11 рет “lovely!”, 14 рет -”fantastic!”, және 7 рет - “see you!” деп қалады.
 8. Джентельмен – батырлық пен әдептіліктің білгірі.
Бала суға түсіп жатқанда аяқ асты акула шыға келеді. Кезекші сарбаз суға секіріп, баланы құтқарып, акуланы пышағымен бауыздап жібереді. Жағадағы кәрілеу әйел: “Қалайша акуланы пышақпен соясың, сен джентелмен емессің!” деген айып тағады.
Бұл анекдотты естіген ағылшын-джентельмендері қай жерінде күлуді білмеген екен.
 9. Джентельмен спортқа әуес емес.
Бұл әлбетте фантазия. Джентельмен жек көрмек түгіл, спортты өзі ойлап табады. Әлемге крокет (croquet) пен крикетті (cricket) әкелген дәл осы ағылшын джентельмендері. Және бұны айыра да білген. Ал егер Лондоннан Ливерпульге саяхат жасасаңыз, Rugby (Рэгби) деген қалаға назар аударыңыз, дәл осы жер рэгбидің отаны болып саналады.
 10. Джентельмен ол әлбетте консерватор.
Бұл да миф. Джентельмен – ол өзі ойы бар, өзінің қалауы бар адам. Консерваторларға дауыс берсе де, басқасына берсе де. Бірақ тыста қарап қалмайтыны сөзсіз.
Просмотров: 1868 | Добавил: nurdaulet | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 5
10.11.2009 Спам
5. Жанат
Казакша олендердин ссылкасы болганда ,асиресе каракаттын олендери, оте жаксы болар еди. Былай кызык емес екен :-((( Каракаттын " касымда бол " деген оленин издеп кирип едим :-(

27.09.2009 Спам
4. Ербол
))))))

27.09.2009 Спам
3. Гастарбайтер
Ай сволыштар ай, ана жазбаны қайдан алдыңдар? Неге сілтемесін қоймайсыңдар?Ақзеренің блогынан алдыңдар ғой ұятсыздар ай:))))))Әжептеурі серьезный сайт деп кіріп тұрсам...

31.07.2009 Спам
2. Казына Имшыбайева
мен бұндайды бірінші рет естіп отырмын қызық екен?????????????????????????????????????

15.06.2009 Спам
1. nurik
оьи ии

Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Күнпарақ
«  Ноябрь 2008  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz