Кризис кезінде қалай өмір сүру керек? - 27 Ноября 2008 - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » 2008 » Ноябрь » 27 » Кризис кезінде қалай өмір сүру керек?
Кризис кезінде қалай өмір сүру керек?
18:04

Қазір әлемде орнап жатқан кризис біздің елге де өз әсерін тигізгені белгілі. Халықтың жағдайы күрт төмендеп, былтыр арзан несиелерді алған халық бүгінде төлей алмай қиналып жүр. Жұмыс орындарында айлық уақытылы берілмей, штатты қысқарту белең алып жатыр.
Осындай кезде қалай өмір сүру керек, ақшаны қалай үнемдеп, штаттан шығып қалмау үшін не істеу керек деген сұрақтарға эксперттердің жауабын оқып көріңіздер. Бәлкім біраз көмегі тиіп қалар.
1. Кризис қалай өрбиді? АҚШ-тағы сайлау кризиске қандай әсерін тигізеді?
Жағдай бұдан да қиын болады. Бәрі ушығып кетті, мұны АҚШ-тың әкімшілігі тез арада қалыпқа келтіреді дегенге күмән бар.
2. Ақшаны қайда және қалай сақтау керек?
Ақшаны сенімді бір банктің депозитінде сақтау керек. Әлбетте мұндай кезде банктерге сенімділік күрт түседі. Бірақ егер ақшаны үйде ұстасаң, банк тағы бір салымшыдан айрылып, бұл тек қана банктің емес, бүкіл елдің экономикалық жағдайын төмендетеді.
3. Қандай валютада ұстаған жөн?
Теңге немесе долларда.
4. Жылжымайтын мүлік мәселесін қалай шешкен дұрыс? Сатып алған дұрыс па, әлде әлі де күте тұру керек пе?
Мейлінше келесі жылдың ақпан-наурыз айларына дейін күткен жөн. Біздің банктер әлі кепілдіктегі үйлерді нарыққа шығарған жоқ, сондықтан ең төмен баға көрсеткіші жоқ.
5. Акция мен депозиттерді не істеу керек?
Депозиттерді сақтаған дұрыс. Акцияларды әзір сатпаған жөн, қазір сатқан тіптен тиімсіз. Бұл процесті 2-3 жылдан кейін жасаған дұрыс болар.
6. Жұмыс орнынан қалай айрылып қалмауға болады және айрылып қалған жағдайда қайдан жұмыс іздеу керек?
Жақсы, сапалы жұмыс істеңіз және жалақыға қосымша ақы сұрауды қоя тұрған жөн. Ал жұмыс іздеп-табу қазіргі штаттарды қысқартуларды ескерсек, біраз қиынға соғары анық. Көп кездерде еліміздің басқа аймақтарында жұмыс іздеп кететіндер кездеседі. Ал былайынша газеттер мен рекруитинг агенттіктерінде тізімде жүріп, іздеу керек.
7. Кризис зейнетақы қорларына қандай әсерін тигізеді?
Әрине, кері әсерін. Зейнетақы қоры сөзсіз кемитіні анық. Яғни, қазақстандықтардың көбі зейнетақы қорындағы біраз ақшасынан айрылады. Ал халық санасы зейнетақы қорына ұсталатын пайыздық үлесті салық ретінде қабылдағандықтан және зейнетақыға дейін әлі де өмір сүру керектігін ескеріп, көбісін бұл жағдай еш алаңдатпайды.
8. Шағын бизнес иелеріне пайданы қалай арттырса болады?
Бірнеше қарапайым әдістер:
1. Өзіңіз шығаратын өнімнің өзіндік құнын есептеңіз. Тағы да басқа шығындарын есепке ала отырып, қай жерде үнемдеп қалуға болатынын шығарып алуға болады.
2. Сіздің туысыңыз, таныстардың баласы т.б. болғандықтан үшін ғана жұмысқа алған жұмыскерлерді еске түсіріңіз. Олардың жалақысы – бүгінгі шығын, ертеңгі банкроттық.
3. Үлкен тапсырыс жасап, ақшасын кейін төлейтін тапсырыстан гөрі, уақытында төлейтін кішкентай тапсырысты жасаған тиімді.
4. Теңгермешіліктен бас тартып, өз ісінің мамандарын ұлықтаңыз. Кризистік жағдайда жақсы кадрлардан айрылып қалсаңыз, компания жақсы жұмыскерлерсіз көтерілуі екіталай.
9. Кризис уақытында тұрмыста қалай өмір сүру керек?
Ең бірінші байбалам салу қажет емес. Қайткенменде 90-ы жылдар күйін кешпейтініміз анық. Сонымен қатар, қол қусырып отыра берген де дұрыс емес. Жеке бастың шығынын азайтып, үлкен және керек емес сатып алулар жасамаған жөн.
Ақшаның жартысын қолдағы сомада ұстап, кредиттерден құтылу амалдарын жасаған жөн. Мүмкіндігінше қарыз алмауға және бермеуге тырысыңыз. Әлбетте әр отбасы кризиспен әрқалай күреседі. Өкінішке орай бәріне ортақ бір кеңес жоқ.

Мақала «ДН» экономикалық апталығынан аударылды.

Просмотров: 2689 | Добавил: nurdaulet | Рейтинг: 4.2/4 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Күнпарақ
«  Ноябрь 2008  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz