Қазақты өзгелермен тең қылған тәуелсіздігімізді бағалай білейік - 21 Декабря 2008 - Нүкте.kz
 
Вход

Регистрация
Главная
 
Н Ү К Т Е . K Z 
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Сайтымызғы баға беріңіз!
Всего ответов: 3909
Главная » 2008 » Декабрь » 21 » Қазақты өзгелермен тең қылған тәуелсіздігімізді бағалай білейік
Қазақты өзгелермен тең қылған тәуелсіздігімізді бағалай білейік
23:02



Тарих үшін бұл қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, бір елдің мемлекет болып қалыптасып, дамуында, бір ұлттың өсіп-өркендеуі жолында ғасырларға татитын толайым істерді атқаруға болатын мерзім. Осы жылдардың ішінде тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын ала білді. Бүгінде біздің мемлекет әлемдік қоғамдастықтың құрметті әрі лайықты мүшесі. Әлемдегі, өңірдегі көкейкесті халықаралық саяси және экономикалық мәселелерге қатысты Қазақстанның позициясымен бүгінде барлық елдер дерлік санасады. Осының барлығы 17 жыл ішінде атқарылған тынымсыз еңбектің, қажырлы жұмыстың, сындарлы саясаттың арқасы. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік салардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырып жатқан шаралары ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейде мойындалып отыр.

Жүріп өткен жолымызға көз жіберсек, тәуелсіздіктің бірінші күнінен-ақ ең алдымен ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігіне айрықша мән берген Қазақстан, сыртқы саясатын да сындарлы жүргізе білді. Нәтижесінде біздің ел тоқсаныншы жылдардың ішінде Кеңес одағының шекпенінен шыққан бірталай мемлекетті шарпыған қақтығыстардан айналып өтті. Әйтпесе, сол кездегі кейбір теріс пиғылды сарапшылар «қақтығыс өрті бір тұтансаү көпұлтты Қазақстанда тұтанады», деген сәуегейлік танытқан болатын. Бір сөзбен айтқанда, ел басшылығының ұстанған позициясы мен сындарлы жүргізген саясатының арқасында Қазақстан ішкі тұрақтылығын сақтай алды әрі төңірегіндегі көршілерінен бастап әлемнің әр түкпіріндегі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан мемлекеттермен достық, әріптестік байланыстарды дамытты. Ядролық қарудан бас тартып, Семейдегі сынақ полигонын жауып, өзін дүниеге бейбітшілікті сүйетін мемлекет ретінде таныта алған Қазақстан жас та болса, бас болып талайларға үлгі-өнеге көрсете алды, қазір де қайталанбас бастамаларымен байқалып та келеді.


Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның, қазақ халқының үлкен жеңістерінің бірі ретінде Ата заңымызда Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылуын жатқызуға болады. Қазір айтуға оңай болғанымен, ана тілімізге мұндай мәртебе беру сол кезде шын мәнінде аса күрделі шаруалардың бірі болғандығына Тәуелсіздік шежіресі куә. Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстандағы қазақтардың үлесі халықтың жалпы санының 40 пайызына да жетпегендігін ескерсек, мұндай мәселенің күн тәртібіне шығарылуы да оңайға соқпағаны белгілі. Ақыры ұлтымыздың қамын жеген азаматтардың табандылық танытуының арқасында қазақ тілі тарихи жеңіске қол жеткізді. Әрине бүгінде қазақ тілінің қолданылу аясына қатысты саналуан пікірлер айтылып жүр. Қалай десек те бір нәрсе анық: дәл қазір мемлекеттік тілді дамытуға ешкім де кедергі жасап отырған жоқ. Барлығы да халықтың ниетіне байланысты. Мемлекет тарапынан тілімізді дамытуға қазынадан бөлініп жатқан қаржының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Түптеп келгенде мәселе ниетке, құлшынысқа келіп тіреліп тұр.

Қазақстанның бүгінгі таңда экономикалық реформаларды іске асыруда, банк секторын ырықтандыруда ТМД елдерінің ішінде көш бастап келе жатқандығы баршаға белгілі. Елбасы бас болып, басқа да игі жақсылар қос болып тоқсаныншы жылдардың алғашқы бес-алты жылындағы тоқырауға төтеп беріп, еңсесін тіктей алған мемлекетіміз 1997 жылдан бастап шын мәнінде өз тарихындағы өрлеу кезеңіне қадам басты. Бұған ең алдымен Н. Назарбаевтың Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуын айқындаған «Қазақстан-2030» стратегиясының әзірленіп, өмірге жол тартқандығы ықпал етті. Қазақстан экономикасын өркендетіп, елдің әл-ауқатын арттыру үшін қазіргі уақытта да әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан сан түрлі бағдарламалар түп-тамырын жоғарыдағы стратегиядан алады. Бір сөзбен айтқанда «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген позицияны нық ұстанған біздің ел, өзіндік даму жолын дұрыс таңдағанын бүгінгі күн көрсетіп отыр. Әрине, қазіргі таңда әлемді шарпыған қаржы дағдарысының салқыны Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бұған дейін бірнеше дағдарысты табысты еңсере алған мемлекетіміздің қазіргі қабылданып жатқан кешенді шаралар арқасында бұл дағдарыстан да табысты өте алатындығына сенім мол.

Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстан экономикада ғана емес, саясатта, мәдени-гуманитарлық салаларда, демократияны дамытып, азаматтық қоғам құру ісінде де зор табыстарға жеткеніне, бұнымен тоқтап қалмай аталмыш бағыттардағы жұмыстарды дәйекті түрде жалғастырып жатқандығына баршамыз куәміз. Бұған аталмыш мәселелерге қатысты елімізде ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан әртүрлі шараларды мысалға келтіруге болады. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам конференциясы ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды бірқатар саяси құрылымдардың құрметті мүшесіне айналғандығы, тіпті бұлардың бірқатарының құрылуына тікелей бастамашы болғандығы белгілі. Ата заңында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстан осы 17 жылдың ішінде бұл қағидаттарынан еш айныған емес, айнымақ та емес. Н. Назарбаевтың алыс-жақын елдердің жетекшілерімен, әсіресе Ресей және Қытай елдерінің басшыларымен жеке қарым-қатынасының өте жақсы болғандығының арқасында Қазақстан төңірегіндегі көршілерімен шекарасын заңды түрде айқындап алды. Мұны да тәу етіп отырған Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген басты жетістігіміз деп бағалауға әбден болады.

Тұтастай алғанда Қазақстанның өзі мүше саяси, экономикалық құрылымдардағы рөлі мен маңызы жыл санап артып келеді. Оның бір айқын дәлелі ретінде біздің елдің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, ал 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасайтындығы. Бұған Қазақстан еліміздегі әр түрлі ұлттарды бір атаның баласындай ұйыстырып, түрлі конфессия өкілдерін өкпелетпеуінің арқасында, әлемдегі ділі, діні бөлек адамдарды бір үстелдің басына жинап, қазіргі заманғы көкейкесті халықаралық мәселелерді талқылауға жол ашу арқылы, сондай-ақ өзіне алған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес демократияны дамыту ісінде ілгерілеуінің арқасында қол жеткізгендігіні айқын. Азия мен Еуропаның арасындағы қақпа болып отырған Қазақстан, енді екі өркениетті біте қайнастыру ісінде де жолбастаушы позицияға шығып отыр.

Жалпы, тәуелсіздік қазаққа өзінің әскерін құруға, төл теңгесін шығарып, пайдалануға, тағдыр тәлкегімен шет елдерге кеткен қандастарын елге қайтарып қауышуға, солақай саясаттың кесірінен жабулы күйінде қалып қойған мәдени мұраларын түгендеуге, түптеп келгенде өз елінде, өз жерінде еркін тыныстап, жүріп-тұруға мүмкіндік туғызды. Бұл шешімдердің бірқатары бір кездегі елорда Алматыда қабылданса, басым көпшілігі Отанымыздың қазіргі жүрегі - Астанадан бастау алды. Тәуелсіздіктің болашағы, мемлекеттің келешегі, қазақ халқының тағдыры үшін Елбасының елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруі де шын мәнінде аса маңызды тарихи шешім болғандығын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Астана қазақтың арманы арқалаған, Тәуелсіз Қазақстанды биік шыңдарға жетелеген шаһарға айналып келеді. Олай болса, қазақты өзгелермен тең қылған тәу етіп отырған Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, жасай берсін. Жаратқан лайым елімізді аман, жұртымызды тыныш етсін. Халқымыздың басынан бақ-береке, бірлік арылмасын деп тілек білдіреміз. Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! Теңдік әперген Тәуелсіздігімізді бағалай білейік.
Просмотров: 16159 | Добавил: nurdaulet | Рейтинг: 4.3/3 |
Всего комментариев: 251 2 3 »
17.12.2013 Спам
25. 502992 google
http://www.google.com/

16.12.2013 Спам
24. 562533 google
http://www.google.com/

13.08.2013 Спам
23. Coach Factory Outlet
A totally new robotic voice for Penn Channel that shows customized [url

20.11.2012 Спам
22. WiliedaFluell
вакансии работ в г полоцке

10.10.2012 Спам
21. sdfgdnivvf
This palette is such a great price and it has awesome colours, ,http://shdxcrjy.com/review.asp?NewsID=767

08.10.2012 Спам
20. asdfnicklb
decide if your form of site visitors and marketing and advertising ,http://www.nusantaraportal.co.de/blogs/viewstory/320330

07.10.2012 Спам
19. sdfgdnivvf
but it goes on clump free, doesn't make my lashes brittle feeling and is easy to take off. ,http://consultanttoday.com/forum/index.php?topic=18439.msg19892#msg19892

02.10.2012 Спам
18. sopyiasovc
A little pricey but well worth it...Highly reccomend this brush...for blush and bronzer. ,http://wuliao55r.insanejournal.com/1167.html?mode=reply

02.10.2012 Спам
17. fivedsdfve
inside a timely fashion. Request concerns, ,http://www.klebook.com/Vhcmaclove9j/blog/196296/

30.09.2012 Спам
16. sopyiasovc
getting 12 different shadows AND a brush. Well worth it considering most single shadows go for about $5 and up. I can't wait to get Naked 2! ,http://chihuahua-clicks.info/forum/index.php?topic=256826.msg330158#msg330158

1-10 11-20 21-25
Имя *:
Email *:
Код *:
Тіркелу панелі
Күнпарақ
«  Декабрь 2008  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Іздеу
Друзья сайта
Статистика

Copyright MyCorp © 2016
Хостинг от uCoz